Түркістан облысында жол-патрульдік полиция инспекторы құқық бұзушыны қуу кезінде көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
Марқұм – полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитов.
"Қызметтік міндетін орындау барысында қаза тапқан Түркістан облысы полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.
Айта кетейік, ақпан айында Жамбыл облысында да полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан болатын.
Новости по теме
Всем сердцем любил свой народ — основателю казахской школы таэквондо Мустафе Озтюрку исполнилось бы 70 лет