"Путиннің қаныпезер диктатор екенін түсінбей отыр". АҚШ демократтары Трампты сынады

1363
Adyrna.kz Telegram

АҚШ Конгресіндегі Демократиялық партия өкілдері президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің Украинаға қатысты саясатын сынға алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Демократтар көшбасшысы Хаким Джеффрис Трамптың әрекеттерін “Америка үшін ұят жағдай” деп атап, оның ұстанымы Ресей президенті Владимир Путиннің мүддесіне жұмыс істейтінін айтты.

“Президент Зеленский мен украин халқы үш жыл бойы демократия, бостандық және шындық жолында күресіп келеді. Олардың жеңісі – АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды. Біз Украинаға толықтай қолдау көрсетуіміз керек”, – деді Джеффрис.

Сенатор-демократ Джек Рид те Ақ үйдегі кездесуді “саяси қастандық” және “Америка басшылығының масқарасы” деп бағалады. Оның айтуынша, Украина мен оның халқы өмір сүру үшін күресіп жатыр, ал Трамп пен оның одақтастары “Украина мен одақтастарымызды келемеждеуде”.

Сенаттағы демократтар көшбасшысы Чак Шумер Трамптың саясатын қатаң айыптап, оны “АҚШ-ты ультраоңшыл авторитарлық олигархияға айналдырды” деп мәлімдеді.

Сенатор Джинн Шахин де Трамптың әрекеттері АҚШ-тың халықаралық беделіне нұқсан келтіретінін айтып, “Президент Украина алдындағы міндеттемелерінен бас тартып, Путиннің қандай қаныпезер диктатор екенін түсінбей отыр” деп сынады.

Демократтар Трамп пен вице-президент Джей Ди Вэнстің Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуін сынға алған басқа да мәлімдемелер жасады. Олар АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсетуі әлемдік тұрақтылық үшін маңызды екенін алға тартты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер