Астанада емес... Трамп Путинмен Сауд Арабиясында кездесуі мүмкін екенін айтты

1160
Adyrna.kz Telegram
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин Сауд Арабиясында жеке кездесу өткізетін болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы BBC-ге сілтеп.

Кездесу барысында Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату мүмкіндіктерін талқылайды. Бұл туралы Трамп 12 ақпанда Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Мұндай шешім Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін қабылданған.

"Біз миллиондаған адамның қаза болуын тоқтатқымыз келеді", – деді Трамп. Сонымен қатар, ол Украинаға барлық жерлерін қайтару мүмкіндігі "аз ықтимал" екенін мәлімдеді және Украинаның НАТО-ға кіруінің “тиімді емес” екенін атап өтті.

Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Трамп Украина президенті Владимир Зеленскийге хабарласып, болған әңгіменің мән-жайын жеткізгенін айтты.

“Мен АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио,  ЦРУ директоры Джон Рэтклифф, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майкл Уолтц және арнайы өкіл Стив Уиткоффты келіссөздерді жүргізуге тағайындадым. Мен бұл келіссөздердің сәтті болатынына сенімдімін”, – деді Трамп.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі ел басшылары “Ресей-Украина соғысын реттеу үшін келіссөздер жүргізу керектігі” туралы келіскенін растады. Оның айтуынша, Путин “қақтығыстың негізгі себептерін жою қажеттігін” айтып өткен. Сонымен қатар, Ресей президенті Трампты Мәскеуге ресми сапармен келуге шақырған.

Трамп пен Путиннің кездесуі Украинадағы соғысты тоқтату жолдарын қарастыруы мүмкін ең ірі келіссөздердің бірі болуы мүмкін.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер