Қазақстан мен Ұлыбритания қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды, деп хабарлайды “Адырна”.
Құжат екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындайды.
Қол қою рәсімі Лондонда Қазақстан Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы бастаған қазақстандық делегацияның ресми сапары аясында өтті.
Ведомство мәліметінше, тараптар қазіргі мәселелермен қатар әскери әріптестікті дамыту
Новости по теме

«Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қорғаныс министрлігі арасында 2025–2026 жылдарға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды» деп жазылған хабарламада.