Астанадағы LRT вагондары Қытайда құрастырылуда

991
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Астанада салынатын LRT (жеңіл рельсті көлік) жүйесінің алғашқы вагондары Қытайдың Таншань қаласында құрастырылып жатыр. City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, бірінші партияда 19 жылжымалы құрамға тапсырыс берілген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ұзындығы 60 метр болатын бұл пойыздар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықталады. Бұл жүйе есіктердің автоматты ашылуы мен жабылуын, тоқтау және жылдамдықты реттеуді, депоға кіру және шығуды, пойыздардың жағдайын бақылауды, қашықтықты реттеуді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта вагон корпустары алюминий қорытпасынан жасалып, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Компания өкілдерінің айтуынша, алғашқы пойыздар мамыр айының соңына дейін дайын болмақ.

CTS басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев қыркүйек айында вагондар Астанаға жеткізілгеннен кейін сынақ кезеңі басталатынын атап өтті.

"Тестілік іске қосу – пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл сынақтар бірнеше айға созылады, оның нәтижесінде LRT жүйесін толық іске қосу туралы шешім қабылданады", – дейді ол.

LRT жүйесінің алғашқы тестілік іске қосылуы 2024 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер