Қытайдың әуе күштері (PLAF) алыс қашықтықта операциялар жүргізу қабілеттерін арттыруды көздеп отыр. БАҚ бетінде бұл әрекет Бұл Тайваньға ықтимал шабуыл сценарийі мен аймақтағы АҚШ пен оның одақтастарының араласуына қарсы шараларды қамтиды деп бағалануда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2023 жылдың 18 желтоқсанында АҚШ қорғаныс министрлігі Қытайдың әскери қуаты туралы жыл сайынғы есебін жариялады. Құжатта Қытайдың жер, әуе, теңіз, ғарыш және киберкеңістіктегі қарқынды жаңғырту жұмыстары талқыланған. Құжаттың бір бөлімі Қытайдың жаңа ұшақтарына арналған.
Бір аптадан кейін Қытайдың Chengdu және Shenyang Aircraft Corporations корпорациялары жаңа, алтыншы буынға жататын стелс-ұшақтардың демонстрациясын өткізді. Алайда мұндай ұшақтардың басқару күрделілігі жоғары. Бүгінгі күнге дейін мұндай дизайн бомбалаушы ұшақтар үшін ғана қолданылып келген. Ал қытайлық демонстраторлар орташа бомбалаушы ұшақтар немесе жаңа соққы күштері ретінде жасалып жатыр.
Егер жаңа модельдер қазіргі J-20 жойғыш ұшақтарын жасау үлгісімен әзірленсе, олар 2030 жылдардың ортасына қарай толыққанды әскери күшке айналуы мүмкін. Бұл Тайвань төңірегіндегі шиеленіс өршіп кеткен жағдайда Қытайдың әуе күштерінің маңызды элементі болуы мүмкін.
Қытаймен қатар, АҚШ пен Еуропа елдері де алтыншы буын ұшақтарын жасауға белсенді түрде кіріскен. Бірақ олар әзірше жобаларын жария етуден бас тартып отыр.