Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы депутат болды

1198
Adyrna.kz Telegram

Respublica партиясы мандатын тапсырған Руслан Берденовтың орнына Екатерина Смолякованы Мәжіліс депутаты етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мәжіліс отырсынан кейін журналистер су жаңа депутат Екатерина Смоляковаға бірнеше сұрақ қойды. Әріптестердің бірі «Сіздің мемлекеттік тілді білетініңіз өте маңызды. Бірақ еліміздегі қазақ тілін білмейтін азаматтарға көзқарасыңыз қалай? Өз елінде тұрып өзінің тілін білмеген, айып, ұят емес пе?» деді депутатқа.

Екатерина Сергейқызының айтуынша, мемлекеттік тілді білу әр Қазақстан азаматының парызы, міндеті. Әйтсе де ол ешкімге айып тағып, кінәламай алмайтынын ескертті.

«Жалпы өзім Ресейде туып, өскенмін. Отбасылық жағдайға байланысты 2000 жылдары Қазақстанға көшіп, келіп, осында орыс тілінде білім алдым. Одан кейін белгілі бір жағдайларға орай қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түстім. Кәсіби қызметім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдігі қызметінен басталды», – деді ол.

– Бізде мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар депутат болып сайланады. Олардың ішінде керемет маман деп айтуға болмайтын адамдар кездесіп қалады. Сізде солай кездейсоқ депутат болған жоқсыз ба?

– Енді мен біреуді «Кездесейсоқ жағдайда лауазымға жетті» деп айта алмаймын. Менің бұл жерге келуімді партиямыздың Орталық кеңесі шешті. Мен партияның құрамында бірінші күннен бастап бармын және партиялық тізімде де бармын. Орталық кеңестің шешімімен ротация бойынша осында келіп отырмын. Ал қандай жұмыс нәтижесін көрсетемін, оны алдағы уақытта электорат, сайлаушылар өздері бағалап, өздері айтады деп санаймын.

– Өзіңіз қазақ тілі мен әдебиетінің маманы екендігіңізді айттыңыз. Мәжілісте заң саласының мамандары отыру керек. Сіз заң жобасын оқып, оны түсіне аласыз ба?

– Әрине, түсінеміз. Мұғалімдіктен бөлек, менің университеттің әкімшілігінде істеген 10 жылдық тәжірибем бар. Сондықтан мен педагогтық және университет қабырғасындағы басшылық тәжірибемді эксперт ретінде осында жұмсайтын боламын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер