Қазақстанның алғашқы бітімгерлік жасағы Сириядан оралды

678
Adyrna.kz Telegram
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның алғашқы бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) миссиясы аясында Сирияның Голан жоталарында бір жылдық қызметін аяқтап, елге оралды. Бұл миссия Қазақстанның дербес бітімгерлік операциясы ретінде тарихта алғаш рет жүзеге асты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2024 жылдың наурыз айында Голан жоталарына аттанған 139 қазақстандық әскери қызметші, оның ішінде 4 әйел, өз техникасы мен қару-жарағымен бірге орналастырылды. Бір жыл ішінде олар 557 тапсырма орындады, оның ішінде 458 мобильді патрульдеу, 66 әскери персонал мен гуманитарлық жүктерді тасымалдау, 15 жарылғыш заттарды залалсыздандыру және 3 рет бақылау бекеттерінің күзетін күшейту жұмыстары бар .

Миссия барысында қазақстандық бітімгерлер Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалап, жауапкершілік аймағындағы бітімгерлік базалардан әскери персоналды эвакуациялау, бақылаудағы аумақты мобильді патрульдеу, жарылмаған оқ-дәрілерді жою мен басқа да жарылғыш заттардан тазарту, БҰҰ-ның персоналы мен жоғары лауазымды тұлғаларын жауапкершілік аймағында және БҰҰ-ның оның шектеулі аумақтарында алып жүру жұмыстарын атқарды.

Қазақстандық бітімгерлердің Сириядағы шиеленіскен жағдайда өздерінің алғашқы дербес миссиясын орындағаны ерекше маңызды. Жауапкершілік аймағында шиеленіс артқан кезде Қазақстан контингенті көтерілісшілердің оны басып алуына жол бермей, базаны берік ұстауда шешуші рөл атқарды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгерлердің еңбегін жоғары бағалап, олардың қызметі Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға үлес қосқанын атап өтті. БҰҰ басшылығы да қазақстандық бітімгерлердің кәсіби біліктілігі мен табандылығын жоғары бағалады.

Қазақстанның бітімгерлік миссиясы жалғасуда. 2025 жылдың сәуір айында екінші контингент Голан жоталарына аттанды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер