Жапониядағы халықаралық әуежай су астына кетуі мүмкін

704
Adyrna.kz Telegram
Фото: dzen.ru
Фото: dzen.ru

Жапонияның Осака шығанағында орналасқан Кансай халықаралық әуежайы инфрақұрылымның салмағына байланысты су басу қаупіне тап болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Daily Mail басылымына сілтеп.

1994 жылы 20 миллиард доллар қаржыға салынған әуежай жыл сайын 30 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетіп келеді. Ол Жапонияның құрлық бөлігімен 3,75 шақырымдық көпір арқылы байланысады. Жобалаушылар жер сілкінісінің ықтималдығын ескеріп, ұшу-қону жолақтарына арнайы асфальтбетон қоспасын қолданған. Бұл қоспа жолдың серпімділігін арттырып, оның деформацияға төзімділігін қамтамасыз етеді.

Алайда қазіргі уақытта әуежайдың басты мәселесі – оның өз салмағы болып отыр. Әуежай теңіз түбінде тұнба мен балшық қабаттарында орналасқандықтан, уақыт өткен сайын құрылымға түсетін қысым әсерінен оның төмендеуі байқалуда. Бастапқыда инженерлер әуежайдың 50 жыл ішінде 8 метрге дейін төмендейтінін болжаған, алайда бүгінгі таңда оның деңгейі 11,5 метрге төмендеген. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, 2056 жылға қарай әуежай толығымен су астына кетуі мүмкін.

Кансай әуежайы әлемдегі ең ұзын терминал ғимаратымен танымал. Оның ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Әуежайдың ерекше жүк өңдеу көрсеткіштерімен де даңқы шыққан. Қолданысқа берілгеннен бері жолаушылардың ешқандай жүктері жоғалмаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер