39 қайраткер бір түнде атылған қаралы күн. 13 наурызға дейін 631 адам атылды

1573
Adyrna.kz Telegram
Фото: azh.kz
Фото: azh.kz

Бүгін, 25 ақпан - қазақ халқы үшін ұмытылмас дата. Өйткені, 1938 жылы 25 ақпанға қараған түні НКВД қазақ қайраткерлерін қырып салды.

Олар қамаудағы 39 адамды бір демде атты. Олардың 14-і – советтік Қазақстан үкіметінің мүшелері еді…

1937 жылдың тамызынан 1938 жылдың 25 ақпанына дейін НКВД түрмесінде отырған қазақтың алғашқы жоғары білімді әскери дәрігерлерінің және Қазақстандағы тарих ғылымының негізін қалаушылардың бірі Санжар Асфендияров та бұл қатарда атылды.

Нақақ жаламен 1937 жылдың 24 қыркүйегі күні қамауға алынған Сәкен Сейфуллинге «ұлтшыл буржуа» деген айып тағылып, 1938 жылы 25 ақпанда Алматы НКВД-сының қабырғасында атылды. Кейін Сталин қайтыс болғаннан кейін 1957 жылы ақталған. 

Құдайберген Жұбанов атышулы 58-баптың 2, 8, 9, және 11-тармақтары бойынша айыпталған. Ең алдымен бірінші бап (58-2) бойынша «жапон жансызы» ретінде кінә таққан. Ондағысы ғалымның жапон тіліне қызығушылығынан бөлек, 10-нан астам тілді білетіндігі себеп. Алайда 58-8 бап (террорлық) айыпталып, өлім жазасына кесілген үкім шығарылып, 1938 жылдың 25 ақпанында атылған. 1957 жылы 3 қазанда ССРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының шешімімен ақталды.

25 ақпанда атылған 39 адам қатарында жоғарыда аталғандардан бөлек, азаттық күрескерлері, совет­ өкіметінің мемлекет, ғылым, мәдениет, әдебиет қайраткерлері  Ғабдолхакім Бөкейханов, Шәкір Дивеев, Сүлеймен Есқараев, Тел Жаманмұрынов, Темірбек Жүргенов, Ұзақбай Құлымбетов, Ізмұхан Құрамысов, Сейітқали Меңдешев, Ілияс Молдажанов, Хасен Нұрмұхамедов, Қабылбек Сарымолдаев, Жанайдар Садуақасов, Жағыпар Сұлтанбеков, Нығметолла Сырғабеков, Қайсар Тәштитов, Ғаббас Тоғжанов, Мирасбек Төлепов, Зейнолла Төреғожин шейіт болды.

Топтап ату науқаны тек 25 ақпанда ғана болған жоқ. 25 ақпанда жоғарыда аталған 39 адам атылса, 26 ақпанда 37 адамды атты. Оның ішінде І.Жансүгіров, Ж.Шанин және т.б. қоғам қайраткерлері бар. 27 ақпанда - 41 адам, 28 ақпанда - 40 адам және т.б. Бұл тізім осылай 14 наурызға дейін жалғасқан.

26 ақпанда атылғандардың арасында Бейімбет Майлин де бар. Ол 1937 жылы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның кесірінен 1938 жылдың 26 ақпанында сұраусыз атылды. Бейімбеттің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеген Тоқтар Бейісқұловтың көрсетуінше, әйгілі жазушыны айыптайтын сот отырысы 26 ақпанда 12.30-да басталып, 12.45-те аяқталған. Ұлттық әдебиет классигінің өмірін жалғыз оққа байлаған үш-ақ адамның шешіміне небары 15 минут уақыт кеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер