Саяси стратег және мәдени өмірдің тамыршысы

1112
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның мемлекет қайраткері және дипломат Марат Тәжин 65 жасқа толды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Марат Тәжин Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатында маңызды рөл атқарған тұлға ретінде танымал. Ол сыртқы істер министрі, Президенттің көмекшісі, Президент әкімшілігі басшысының орынбасары және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.

Елді Назарбаев президент ретінде басқарған кездегі саяси, руахани және мәдени шараларға Марат Тәжиннің ықпалы еткені айтылады.

Кейіннен Астанадан аластатылып, елшілік қызмет атқарды. Өкілетті және тұрақты елші рангісіне ие.

«Құрмет» (2002), І дәрежелі «Барыс» (2007), ІІ дәрежелі «Барыс» (2016) ордендерімен және алты медальмен марапатталған.

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері атағын алған.

Пікірлер