Ақаң ату жазасына кесілген күн. Бір күнде шамамен 40 адамға үкім шықты

866
Adyrna.kz Telegram

Бүгін - ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ату жазасына кесілген күн.

КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы Біріккен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) алқасы «үштігінің» 1930жылы 4 сәуірдегі шешіміне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қырыққа жуық адам әртүрлі мерзімдерге қамалуға, жер аударылуға кесілді. 

Бұл шешім кейін бірнеше рет өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда Ахмет Байтұрсынұлы 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 жылы қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. Ұлт ұстазына орыс зиялыларының өзі араша түседі. 

Аталған үкіммен Мағжан Жұмабаев, Елдес Омаров, Ибрагим Сәтбаев, Әбуәли Әділов, Асқар Әділов, Абдолла Ұзақбеков алғашында 10 жылдық мерзімге концлагерге кесіліп, бұл үкім кейін Солтүстік өлкеге жер аударумен алмастырылды. Ал Кәрім Жәленов, Дархан Кенжебаев, Төреқұл Мұратов, Ақбар Ыбыраев, Нұрлан Кәрібаев, Алғабек Байдуллаев бес жыл мерзімге концлагерге жіберілді.

Осылайша Байтұрсынұлы айдау мен қуғынның арасында адам төзгісіз жағдайда өмір сүрсе де, 1937 жылға дейін қазақ мүддесіне қызмет етуге мүмкіндік алды.

5 рет сотталып, 2 рет жер аударылған Ахмет Байтұрсынұлы 1937 жылы 8 қазанда соңғы рет тұтқындалып, 8 желтоқсанда ату жазасына кесілді. Оған «халық жауы» деген айып тағылған болатын. Қоғам қайраткерінің жақтастарын, туған-туыстарын қудалау 1988 жылға дейін жалғасты.

1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынұлының есімі берілді. Бүгінгі таңда Тіл білімі институты, Қостанай өңірлік университеті ұлы тұлғаның есімімен аталады.

Пікірлер