Вашингтон соты Трампты шетелдік көмек бағдарламаларын қайта бастауға міндеттеді

1542
Adyrna.kz Telegram
Фото: GETTY IMAGES
Фото: GETTY IMAGES

Вашингтонның округтік соты АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігін шетелдік көмек бағдарламаларын тоқтату туралы жарлықты жоюға және осындай бағдарламаларды қайта бастауға міндеттеді. Бұл жөнінде 13 ақпан күні кешке Associated Press (AP) агенттігі жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл USAID агенттігін қаржыландыруды тоқтатумен байланысты алғашқы шешім екені айтылды.

Агенттіктің хабарлауынша, федералды судья Амир Али өз шешімінде "күтпеген тоқтату шетелдегі ұйымдарға үлкен зиян келтірді" деп, USAID қаржыландыратын екі халықаралық ұйым - АИТВ (ВИЧ) вакцинасын қорғау коалициясы мен Жаһандық денсаулық сақтау кеңесі берген талап бойынша уақытша бұйрық шығарған.

Бұған дейін Трамп әкімшілігінің өкілдері осындай бағдарламаларды тоқтатып, “оларды қайта қарау немесе жалғастыру керек пе” деген сұрақты шешу қажет екенін айтқан болатын. Алайда судья Али олар "толық тоқтату шетелдік көмек бағдарламаларын жалғастырудың жалғыз орынды шешімі" екендігін түсіндірмеді және қаржыландыруды тоқтату салдарынан жабылуға жақын қалған көптеген ұйымды елемеу үшін себеп келтірмегенін атап өтті.

АҚШ соты USAID қызметкерлерін мәжбүрлі демалыстан жұмысқа қайтарды

АҚШ-тың Колумбия округіндегі федералды сотының судьясы 7 ақпанда президент Дональд Трамптың әкімшілігінің USAID қызметкерлерінің шамамен 2700-ін жұмысынан шеттету және әкімшілік демалысқа жіберу жоспарын уақытша тоқтатты. Сонымен қатар, осы санаттағы демалысқа жіберілген 500 қызметкер жұмыс орнына қайта оралуы керек.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Вашингтон судьясы Карл Николс екі кәсіподақтың шағымын тыңдап, Трамп әкімшілігінің іс-әрекеттерінің заңсыздығын дәлелдеп, жоспарларды 14 ақпанға дейін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл мерзімде Трамп әкімшілігінің іс-әрекеттерінің заңдылығы туралы дәлелдер тез арада қаралып, шешім қабылдануы тиіс.

Кәсіподақтар шағымында АҚШ билігінің USAID қызметіне кедергі келтіретін әрекеттері "әлемдегі гуманитарлық дағдарысқа алып келіп, қызметкерлердің, грант алушылардың және мердігерлердің маңызды жұмысын кенеттен тоқтатты, мыңдаған жұмыс орындарының жоғалуына әкеп соқты және АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндірді" деп атап өтті. Құжатта USAID агенттігін тарату құқығы тек Конгрессте екенін және Трамп әкімшілігінің әрекеттері "конституцияға қарсы және заңсыз" екенін көрсеткен.

Бұған дейін Дональд Трамп барлық USAID жобаларын 90 күнге тоқтатып, агенттікті тарату туралы шешім қабылдап, жұмысшылардың көп бөлігін жұмыстан шығаруды жоспарлаған болатын. Reuters ақпаратынша, бүкіл әлем бойынша 10 000 қызметкері бар агенттікте тек 290 адам ғана қалуы тиіс еді – олар денсаулық сақтау және гуманитарлық көмек саласында жұмыс істейтіндер. Трамп әкімшілігі USAID-ті тек негізсіз шығындармен емес, сондай-ақ "Әл-Қаида" және Ауғанстандағы есірткі өндірумен байланысты жобаларды қаржыландырады деп айыптады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер