Трамптың арнайы өкілі Путинмен келіссөз жүргізді

715
Adyrna.kz Telegram
коллаж: УНИАН
коллаж: УНИАН

Ресей президенті Владимир Путин 13 наурыз кешке АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты қабылдап, ол арқылы АҚШ басшысы Дональд Трампқа ақпарат жеткізді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Кеше кешкісін президент Путин Уиткоффты қабылдады және ресейлік тарапқа қосымша ақпарат берілді. Уиткофф арқылы Путин президент Трампқа ақпарат пен қосымша сигнал берді», - деді Песков.

Оның айтуынша, Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың сөйлесу уақыты әлі анықталған жоқ.

“Екі президент кездесуінің нақты уақыты әлі келісілген жоқ. Бірақ Уиткофф мырза Мәскеуден алған барлық ақпаратты өз басшысына жеткізгеннен кейін біз кездесу уақытын анықтаймыз”, - деді Кремль өкілі.

Екі тарапта да кездесу қажеттігі туралы түсіністік бар, деп қосты ол.

Путиннің Уиткоффпен диалогы кеше кешке Киев режимі 30 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келген Джиддадағы АҚШ-Украина келіссөздерінен кейін өтті.

Трамптың Украина мен Ресей жөніндегі арнайы өкілі бейбіт келіссөздерден шеттетілгенін жазған болатынбыз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер