Сәуле ӘБІЛДАХАНҚЫЗЫ: Біз биліктен не күттік?!

2928

Егер Аналар қозғалысы басталған 6 ақпаннан бастап қос палата депутаттары
- халықтан жапон басшыларындай бас иіп кешірім сұрап,
- көптеген заңдарды оқымай-ақ қабылдағандарын мойындап,
- "өз қателігімізді түзетуге мүмкіндік, уақыт беріңіздер" деп мерзім алып,
- апта сайын демей-ақ қояйын, ай сайын тікелей эфирде қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге қатысты барлық заңдарды тармақ-тармағымен қайта қарап, бір-бірімен айтысып-тартысып талқылап отырғанда,
- халықтың көкейіне қонымды шешімдер қабылдағанда,
- тым болмағанда әр балаға кәмелетке толғанға дейін мемлекеттен жәрдемақы тағайындағанда,
- халықты әуре-сарсаңға салған "тұрғылықты мекен-жай" мәселесін e.halyk жүйесі арқылы шешкенде, онда осы уақытта көп қозғалыстың бірі де болмай, халық бүгінде бокс көргендей, үмітпен теледидарға телміріп, депутаттардың тартысын талқылап отырар еді.
Ең бастысы, өшкен үміті оянып, аз да болса билікке деген сенімі қайтар еді.
Эволюциялық даму деген сол болар еді. Біз өтірік алдау-арбаулар емес, сондай конструктивті диалогты күттік. Министрлік жанынан құрылған қоғамдық комиссия әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған "Жол картасын" да ұсынды. Ол құжат қай архивке кеткенін бір құдай біледі. Халықта аз да болса, сенім оянған еді.
Алайда бұлар өзгергілері келмеді, эволюциялық дамудың орнына, керісінше, құқық қорғау органдарын халыққа айдап салып, репрессияны үдетті, одан сайын халықтың сенімін өшіріп, ашу-ызасын тудырумен болды.

(Сурет: abai.kz сайтынан алынды)

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket