Америкалық жеке ұшақ алғаш рет дыбыстан жоғары жылдамдыққа жетті

809
Adyrna.kz Telegram

Boom Supersonic компаниясы жеке XB-1 дыбыстан жылдам ұшатын ұшақ прототипінің сынағын сәтті өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ren.tv-ға сілтеме жасап.

Ұшақ дыбыстық барьерді еңсеріп, 1207 км/сағат жылдамдыққа жеткен. Сынақтар Калифорниядағы Мохаве шөлінде орналасқан аэрокосмостық орталықта өткізілді.

Boom Supersonic компаниясы ұшудың сәтті өткенін хабарлап, XB-1 дыбыстан жылдам ұшағының ұшуын реактивті ұшақтың тәуелсіз жобасы бойынша дыбыстық барьерді еңсерген алғашқы оқиға ретінде атап өтті.

Сынақтың мақсаты – компанияның Overture атты жолаушылар ұшағына қолданылатын жаңа технологияларды тексеру болды. Overture ұшағы 2029 жылы рейстерге шығатын болады. Ол 80 жолаушыны 1,7 Маха (шамамен 2080 км/сағ) жылдамдықпен тасымалдап, әлем бойынша 600-ден астам бағытқа қызмет көрсетеді. Бұл ұшақтар Нью-Йорк пен Лондон сияқты қалалар арасындағы сапар уақытын 3,5 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Компания қазіргі таңда Overture ұшағына 130 тапсырыс алды, оның ішінде American Airlines, United Airlines және Japan Airlines сияқты ірі әуекомпаниялары да бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер