Ақ үй АҚШ-та тұратын жүздеген мың украиндықты босқын мәртебесінен айыруы мүмкін. Бұл туралы ресми және үш ақпарат көзіне сілтеме жасап Reuters жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі қақтығыстардан қашқан шамамен 240 мың украиндықтың уақытша құқықтық мәртебесін жоюды жоспарлап отыр», - деп жазады басылым.
Мұндай шешім сәуір айында қабылдануы мүмкін. Бұл осы санатқа жататын адамдардың депортациялануына әкеледі.
Украиналарға қатысты бұл шара Трамптың Джо Байден кезінде іске қосылған гуманитарлық иммиграциялық бағдарламаларды тоқтату стратегиясының бір бөлігі болмақ.
“Бұл шараның дайындалуы Владимир Зеленскиймен қоғамдық жанжалды бастамас бұрын-ақ басталған”, деп мәлімдейді дереккөздер.
Ақпаратқа сәйкес, жалпы, 1,8 миллионнан астам босқын заңды мәртебесін жоғалтуы мүмкін деп күтілуде. Украиналықтардан бөлек, бұл Куба, Гаити, Никарагуа және Венесуэладан 530 000 мигрантты, сондай-ақ, тәліптер билікке келгеннен кейін елден қашқан 70 000 ауғандықты қамтиды. Бұған қоса, 1 миллионға жуық адам бұған дейін АҚШ-қа заңды түрде көшу үшін CBP One қосымшасын пайдаланған, бірақ Трамп әкімшілігі қаңтар айының соңында бұл қосымшаны жауып тастаған. Тағы мыңдаған адам отбасы мүшелерін біріктіру бағдарламаларына қатысқан.