Қазақстан халықаралық бағыттағы тікелей рейстердің санын арттырмақ

848
Adyrna.kz Telegram
Фото: gladysliu.com
Фото: gladysliu.com

Қазақстанның Көлік министрлігі биыл  халықаралық бағыттарда жаңа әуе рейстерінің ашылатынын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Air Astana әуекомпаниясы биыл "Алматы-Нячанг" (Вьетнам), "Астана-Нячанг", "Алматы-Франкфурт" бағыттары бойынша жаңа рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, малайзиялық "Air Asia x" авиакомпаниясы "Алматы-Куала-Лумпур" бағыты бойынша рейстер санын аптасына 7 ретке дейін арттыруды көздеп отыр.

Министрлік мәліметіне сәйкес, орта мерзімді перспективада Будапешт, Рига, Вена және Мюнхен қалаларына рейстер ашу мүмкіндігі қарастырылуда.

Сонымен қатар, 2025 және 2026 жылдары Жапония, АҚШ, Сингапур және Мароккоға жаңа әуе маршруттарын ашу жоспарланып отыр.

Пікірлер