Америкалық Boeing X-37B ғарыш ұшағы 14 ай бойы орбитада бірқатар тәжірибелер жүргізіп, Жерге оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ге сілтеме жасап.
Бұл туралы АҚШ ғарыш күштері мәлімдеді.
Орбиталық аппарат ғарышта 434 күн болып, АҚШ ғарыш күштерінің ғарыштық орта туралы түсінігін кеңейтуге бағытталған ғылыми эксперименттер орындаған.
– Бұл технологиялар ғарыш операцияларын жүргізу қабілетімізді арттыру үшін өте маңызды, – делінген ведомство хабарламасында.
X-37B 2023 жылдың 29 желтоқсанында Флоридадағы Канаверал мүйісінен ұшырылған. Ол алғаш рет SpaceX компаниясының Falcon Heavy аса ауыр зымыраны арқылы орбитаға шығарылды.
Бұл аппарат адам басқаратын ғарыш кемесінің шағын нұсқасына ұқсайды. Ұзындығы – 9 метр, қанатының кеңдігі – 4,5 метр, ал ұшырылу кезіндегі салмағы шамамен 5 тонна. X-37B күн батареяларынан қуат алады және ғарыштан қайтарылған соң ұшақ тәрізді қонады.
Бұл аппарат 2010 жылдан бері АҚШ Қорғаныс министрлігі үшін қызмет етуде. Оны Boeing және Lockheed Martin бірлескен кәсіпорны – United Launch Alliance әзірлеген.