Әуежайлар мен вокзалдарды тексеру басталды

916
Adyrna.kz Telegram
Сурет: airportsonline.info
Сурет: airportsonline.info

Алматы әуежайындағы қарулы шабуылдан кейін елімізде әуежайлар мен вокзалдарды тексеру  басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің тапсырмасы бойынша елдегі әуежайлар мен вокзалдардың қауіпсіздік жүйесіне кешенді тексеру жүргізілуде. Ерекше назар келесі бағыттарға аударылады: әлсіз тұстарды анықтау, ықтимал қауіптердің алдын алу шараларын жетілдіру, тыйым салынған заттарды алып кіруді бақылауды күшейту, төтенше жағдайларға жауап беру алгоритмдерін жетілдіру, күзет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестікті нығайту», – делінген жексенбі күні жарияланған хабарламада.

ІІМ жағдайдың толық бақылауда екенін мәлімдеді.

«Бұдан әрі осындай оқиғалардың алдын алу үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда», – деп атап өтті министрлік.

 

Пікірлер