АҚШ-та Ақ үй маңында АҚШ құпия қызметінің агенттері мен қарулы ер адам арасында атыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ер адам тәртіп сақшыларының бұйрықтарына бағынудан бас тартып, нәтижесінде жараланған. Қазір күдікті ауруханада жатыр.
АҚШ құпия қызметінің баспасөз хатшысы Энтони Гульельми агенттікке Индианадан лаңкес келуі мүмкін деген ақпарат түскенін мәлімдеді.
Ақ үй маңында сипаттамаға сәйкес келетін ер адам байқалған. Ол тоқтаған көлігінің жанында тұрып, тапаншасын бұлғаған. Құқық қорғау органдары оны ұстауға әрекеттенгенде, ол берілуден бас тартып, оқ атқан. Жауап ретінде агенттер қару қолданған.
Оқиға кезінде Дональд Трамп Вашингтонда болмаған.
Шабуылдаушының мұндай әрекетке не үшін барғаны әлі белгісіз.