Ақтау – Алматы рейсі. Қозғалтқыш істен шығып, ұшақ әуежайға оралды

939
Adyrna.kz Telegram
Сурет: КТК
Сурет: КТК

8 наурызда Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының KC 868 рейсі әуеге көтерілгеннен кейін біраз уақыт өткен соң Ақтау әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жолаушылардың айтынша, бортта күйік иісі пайда болып, ұшақтан қатты гуіл естілген.

Компанияның ресми мәлімдемесіне сүйенсек, №1 қозғалтқыштағы май деңгейінің төмендігі туралы техникалық ескерту тіркелген. Осыған байланысты ұшқыштар қауіпсіздік хаттамасына сай қозғалтқышты өшіріп, Ақтауға кері оралу туралы шешім қабылдаған.

Ұшақ сәтті қонып, жолаушыларға резервтік борт ұсынылған. Олар Алматыға сол ұшақпен жөнелтілген.

Пікірлер