Тұмар

5085
Adyrna.kz Telegram

Тұмар (ғұрып). Адамға, малға тұмар тағу ертеден келе жатқан дәстүрлі әдет. Ол көбінесе адамға (әсіресе жас балаға), малға көздің сұғынан, тілдің уынан сақтасын деп тағылады. Оны оқыған молдалар, ишандар, емшілер дұғалап береді. Тұмарды мойынға, бас киімге, киім жағасына тағады.

              Тұмар көз тимесін деп жүйрік атқа, жаңа туған ботаға, құлынға, сүтті бие мен сиырға да тағылады. Мұндай әдеп – ғұрып ел арасында әлі де бар және одан келер зиян жоқ екенін жұрт білуі керек.
              Тілімізде тұмар түрлеріне байланысты қалыптасқан мынадай атаулар бар:
              Жастық тұмар – төртбұрышты түсті металдан жасалған көркемдік бұйым.
              Қиық тұмар – сәндікке мойынға тағылатын жылтырауық заттардан істелетін тұмар.     
              Лағыл тұмар – лағыл таспен безелген тұмар.
              Сіркелі қолтық тұмар – бетіне сіркелеп өрнек салынған тұмар.
              Алтын тұмар – күміс бетіне алтын жалатқан, алтынмен әшекейленген тұмар.
              Тұмарша – асыл тасты күмістен жасалған, мойынға тағылатын әшекейді көбінесе қыздар таққан.
              Тіллә тұмар – алтынмен апталған тұмардың бір түрі (Р.Шойбеков).
              Мұнымен бірге тұмардың үш бұрышты немесе қиықшалап жақсы, қымбат матадан, былғарыдан жасалатын түрлері де болады.

 

Пікірлер