Әлеуметтік желіде есек арбасын тоқтатып, айыппұл жазып жатқан полиция қызметкері туралы видео тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде есек арбасын тоқтатып, оның иесіне айыппұл жазып жатқан полиция қызметкерінің оғаш әрекеті туралы видеосы тарап, сынға ұшырады.
Видеоны түсіріп тұрған адам өзінің таңданысын жасырмағаны байқалады.
"Неше түрлі сұмдық көрдім, бірақ мынадай сұмдық көрмедім. Мынаны қара, есекке штрап жазып беріп жатыр. Қатты жүріп қойған ғой, әлде бір жерге дұрыс тұраққа қоймаған ба?" - делінген.
Видеоның қай қалада түсірілгені белгісіз. Дегенмен видеода жол бойында және жаяу жүргіншілер өткелінің жанында арбаға жегілген екі есек тұр. Қасында әйел адам мен полиция қызметкері және полиция көлігі көрінеді.