Колумбия президенті АҚШ-тағы заңсыз мигранттарды қайтаруға өз ұшағын ұсынды

2343
Adyrna.kz Telegram
Сурет: usa.gov
Сурет: usa.gov

Колумбия президенті Густаво Петро АҚШ-тан депортацияланған колумбиялықтарды елге қайтару үшін президент ұшағын ұсынды. Бұл туралы 26 қаңтарда мемлекет басшысы кеңсесінің өкілдері айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін Петро мигранттарға толы америкалық әскери ұшақтарды қабылдаудан бас тартқан еді.

«АҚШ мигранттарды кері қайтарғысы келсе, бұл қадамды елімізге құрмет жасай отырып істеуі тиіс. Біз өз азаматтарымызды қабылдауға дайынбыз. Олар азаматтық авиация ұшақтарымен келуі тиіс»,— деді басшы «Х» желісінде.

Колумбия мигранттарды қабылдаудан бас тартқаннан кейін АҚШ бұл елге  бірқатар санкция енгізген болатын. Атап айтсақ, президент Дональд Трамп Колумбияның барлық тауарына 25% баж салығын салуды, елдің шенеуніктері мен олардың барлық одақтасы мен жақтасы үшін саяхатқа тыйым салуды және визаларды дереу жоюды тапсырды.

Еске салайық, 25 қаңтарда АҚШ заңсыз мигранттарды депортациялау науқаны басталғанын айтып, алғашқы 79 мигрант Гватемалаға қайтарылғанын мәлімдеген еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер