Трамп билікке келгенде. АҚШ елшісі дипломатиялық мансабын Қазақстанда аяқтады

1880
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм дипломатиялық мансабын Қазақстанда аяқтап, зейнетке шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды. Бұл тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде шынайы жол болды”, - деген жазбамен бөлісті Дэниел Розенблюм Instagramпарақшасында.

Сондай-ақ АҚШ елшісі қазақ тілінде үндеу жолдады.

”Құрметті Қазақстан халқы, менің құрметті достарым мен әріптестерім. Сіз білетіндей, жан-жақты ойлана келе, мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен зейнетке шығу шешімін қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын. Өткен жұма күні мен Қазақстанның барлық 17 өңірін аралап шықтым деп мақтанышпен айта аламын. Қайда барсам да, түрлі сала мен кәсіп мамандарымен жүздестім, барған жерімде мені қонақжайлықпен қарсы алды. Мені құшақ жая қарсы алып, өздерінің тарихымен, дәстүрімен ашық-жарқын бөліскені үшін мен Қазақстан халқына дән ризамын. Қазақстанда көрсеткен ыстық ықыластарыңыз бен қонайжайлылықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіремін. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметіне серіктестік үшін шынайы ризашылығымды айтамын. Біз бірге көп нәрсеге қол жеткіздік. Екі ел арасындағы сауда байланыстарын кеңейтіп, білімді насихаттадық, әйелдер мен жастарды қолдадық. Сондай-ақ Қазақстанның бай мәдени мұрасын бірге дәріптедік. Бірлескен күш-жігерімізбен бейбітшілік, қауіпсіздік және экономикалық өркендеу сияқты ортақ мақсаттарымызға айтарлықтай ілгері бастық”, - деп қазақстандықтарға алғыс айтты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер