Кокорин мен Мамаев мерзімінен бұрын босатылды

283

Мәскеуде  сотталған футболшылар Александр Кокорин мен Павел Мамаев жазасын өтеп жатқан колониядан шықты деп хабарлайды "Адырна" ВВС-дің орыс қызметіне сілтеме жасап. Белгород облысындағы Алексеевский соты оларды 6 қыркүйекте шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдады, сот шешіміне шағым берілмеді және 10 күннен кейін ол күшіне енді. Ойыншылармен бірге Кокориннің інісі Кирилл де босатылды.

Прокуратура ойыншылардың мерзімінен бұрын босатылуын қолдады, деп хабарлады департамент. Олар колонияда «өздерін жақсы жағынан көрсетіп, дереу жұмысқа орналасты, екі рет ынталандыру алды».

Сейсенбіде колония жанында  ондаған адам жиналды - олардың көбі Кокорин мен Мамаевты қарсы алуға келген журналистер еді. Колония басшылығы мұндай ажиотажға  дайын болып шықты.  Қоршаудың  тікенді сымдарының бойында арнайы жасақ,  полиция және кинологтар тұрды.

Ағайынды Кокориндерді қарсы алуға туыстары келіпті. Мамаевты қарсы алған ешкім көрінбеді.

Журналистерді таң қалдырған футболшылардың адвокатының мәлімдемесі болды. Кокорин "Зенитпен" келісім-шартқа отырды, ал Мамаев ресми түрде "Краснодар" ойыншысы болып қалады.

Кейінірек Ресей Футбол Одағы «зениттік» футболшының Ресей  Чемпионатына қатысатындығы туралы мәлімдеді.

 

Ойыншылар не себепті ерте босатылды?

Спортшылар колонияда өздерін жақсы ұстады және жақсы жағынан көрсете білді сол себепті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты, деп хабарлады Федералды пенитенциарлық қызмет (ФСИН) директорының орынбасары Валерий Максименко сот шешім қабылдаған күні.

Ол «Интерфаксқа» футболшылардың салауатты өмір салтын насихаттағанын және олардың арқасында «бүкіл елде спорттық бастама іске қосылып, көптеген тергеу изоляторларында спорттық нысандар, белтемірлер мен брусялар  жасалып жатыр, спорттық құрал-жабдықтар сатып алынуда» деп мәлімдеді.

«Ойыншылардың арқасында жай ғана темекі шегіп отыратын тұтқындардың жартысынан көбі салауатты спорттық өмір салтын ұстануды бастады», - деді Максименко.

Кокорин мен Мамаев 2018 жылдың қазан айында қамауға алынды, мамырда Пресненский соты оларды Мәскеу орталығында 8 қазанда таңертеңгілік болған екі төбелеске қатысқаны үшін кінәлі деп тапты.

Алғашқы төбелес Бейжің қонақүйінде болып, нәтижесінде Бірінші арна қызметкерінің жүргізушісі зардап шекті. Осыдан кейін Индустрия және сауда министрлігі департаментінің директоры Денис Пак және «НАМИ» Мемлекеттік ғылыми орталығының бас директоры Сергей Гайсинмен «Кофеэманияда» Үлкен Никитская көшесіндегі екінші төбелес болды.

«Краснодардың» жартылай қорғаушысы Мамаев бір жыл бес айға, ал «Зенит» шабуылшысы Кокорин бір жыл алты айға түзеу колониясына кесілген болатын. Сотталушылар кінәларын жартылай мойындаған болатын.

 

Пікірлер