Қазақ тілді қоғам орыс тілділердің құлы

195

Орыс тілді қазақтардың (тілін мүлдем ұмытқандар) жанында көп жүргендіктен олардың таным түсінігін жақын танимын. Олар Назарбаевты қолдайды, оның айтқан сөздерін үнемі тыңдайды. Менің тереңдеп барып ұққаным, олар Назарбаевтың тек орысша ғана сөйлегенін қалайды. Жан дүниесі де Назарбаев деп тұрады. Оны Дельта ПВ компаниясында юрист болып жұмыс жасаған Әділжан деген жігіттен анық көрдім. Ол елбасы жолдау жолдайды деп, былтыр офистен шығып, үйіне тартып тұрғанда аң таң болдым. Ал, қазақ тілді қоғам жолдау дегенді өлсе де қабылдамайды. Олар сенбейді. Сенімі өлген. Орыс тілділердің бұл ұстанымы нені білдіреді? Неге деген бір заңды сұрақ сумаңдайды. Расында неге? Неге десеңіз, бүкіл тендер орыс тілділердің қолында, бүкіл қаржы орыс тілділердің қолында, бүкіл бизнес орыс тілділердің қолында, бүкіл іс қағаздарды орыс тілділердің қолында. Олар барлық тараптан толық қамтамасыздандырылған. Бар билік соларда. Олар сол үшін орыс тілді, орыс биліктің иесі, жаны орысқа жақын Назарбаевты өліп талып қолдайды. Міне, жаны мен рухы бір, рухтас, қазақтілді қоғамды тонаушы олигархиялық топ осылар. Ал, қазақ тілді қоғам ше? Қазақ тілді қоғам олардың құлы. Бар жұмысын, бар тендердегі табысын қазақ тілді қоғам тауып беріп жатыр. Олар қазақ тілді қоғамды өте төмен санайды. Элита деп танымайды. Себебі жоғарыда айтылып тұр. Олар қатты байып кеткен. Оларға үй мен жайды, өте қымбат көлікті ауыстыру түкке де тұрмайды. Мен жанында жүрмін ғой олардың.

Оян, қазақ тілді қоғам! Оян, мынау елдің қожайыны сендерсіңдер.

 

Бекболат ҚАРЖАН

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер