Назарбаева: Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын

170

 

"Маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін үлкен рақмет айтқым келеді. Бұл мен үшін зор мәртебе және үлкен жауапкершілік. Парламенттің жоғары палатасының басшысы ретінде мен сүйікті отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білім мен тәжірибемді жұмсаймын", - деді Назарбаева.

Ол Тоқаевтың жолдауында ел өмірінің барлық саласындағы ахуалға терең талдау жасалып, нақты практикалық міндеттер қойылғанын атап өтті.

"Енді біз оларды заңдар мен қаулылар тіліне көшіруіміз керек. Барлық әріптесімді тығыз жұмыс кестесіне тезірек кірісуге шақырамын. Бұл үшін күздің жаңа қызмет жоспары іс жүзінде құрылған. Құрметті депутаттар, жұмыс көлемі өсіп қана қоймай, олардың сапасына қойылатын талаптар да едәуір артатынын жеткізгім келеді. Ендеше іске сәт, баршамызға сәттілік тілеймін," – деді Назарбаева.

sputniknews.kz

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер