«Туған жер» шығармашылық байқауының материалдарды қабылдау мерзімі ұзартылды

7543
Adyrna.kz Telegram

«Туған жер» шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты – жастардың патриоттық шығармашылығын дамыту.

Байқаудың міндеттері:

· Жастардың ізденісін артыру;

· Жастарды туған жерінің патриоты болуға баулу;

· Жастар шығармашылығына көңіл бөлу;

· Ақын-жазушылар, суретшілер, өнертапқыштар мен жастар арасында байланыс орнату арқылы жастарға кәсіби мотивация беру;

· Ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) білікті жас мамандарды және өз ауылының көркеюіне үлес қосып жатқан кәсіпкерлерді БАҚ арқылы насихаттау.

Байқаудың номинациялары:

1-номинация. «Үздік мақала». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік эссеге, әңгімеге шығармашылық байқау жарияланады.

2-номинация. «Үздік поэзия». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік өлеңге шығармашылық байқау жарияланады.

3-номинация. «Үздік бейнелеу өнері». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік суретке, бейнелеуге шығармашылық байқау жарияланады.

4-номинация. «Үздік өнертабыс». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік ғылыми, тұрмыстық және т.б. өнертабысқа байқау жарияланады.

5-номинация. «Үздік бейнеролик». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік бейнероликке шығармашылық байқау жарияланады.

6-номинция. «Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы». Бұл номинация бойынша жастар арасында үздік дәстүрлі ән мен күйге шығармашылық байқау жарияланады.

Байқау шарттары:

«Үздік мақала» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Мақала көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 5 беттен аспау керек.

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар Microsoft Word түрінде қабылданады. Өлеңнің көлемі 14 шрифтпен, 1,0 интервалмен, 120 жолдан аспау керек.

«Үздік бейнелеу өнері» бойынша шығармашылық жұмыстар А3 форматындағы ватман қағазға (тығыздығы 200 граммнан кем емес) бейнеленіп, ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) жолдануы тиіс. Сондай-ақ суреттің электронды нұсқасы jpg (300 пиксельден кем емес) түрінде ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдану керек.

«Үздік өнертабыс» бойынша шығармашылық жұмыстар анимациялық видеоролик (ұзақтығы 1 минуттан артық емес) немесе презентация (слайд) түрінде қабылданады.

«Үздік бейнеролик» бойынша шығармашылық жұмыстар электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешка) ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) және adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында.

«Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы» номинациясы бойынша шығармашылық жұмыстар электронды тасымалдағыш арқылы (USB флешка) ұйымдастырушылардың мекен-жайына (Алматы қаласы, Байзақов көшесі 222, 8-офис) және adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жолдануы тиіс. Бейнероликтің көлемі 720p-1080p аралығында.

Бір қатысушы бір номинацияға тек бір жұмыс қана жібере алады, ал жалпы 1 қатысушы байқау аясында тек 2 номинацияға ғана қатыса алады, одан артық жұмыс ұсына алмайды.

Материалдар тек қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының тұрғындары қатыса алады.

Қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмерін, мекен-жайын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, adyrnafund@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.

Байқау талаптары:

Байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 30-шілдесі күні Астана уақыты бойынша сағат 09.00-де басталып, 2019 жылдың 30-қыркүйегінде сағат 17.59-да аяқталады.

Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін материалдар байқауға қабылданбайды және «Адырна» ұлттық порталында жарияланбайды.

Шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына («Туған жер») сай болу керек.

Байқау барысы:

Барлық шығармашылық жұмыстар «Адырна» ұлттық порталының «Туған жер» айдарына жарияланады.

Жеңімпаздарды ақындардан, жазушылардан, суретшілерден, кәсіпкерлерден, журналистерден, қоғам қайраткерлерінен жасақталған қазылар алқасы анықтайды.

Жеңімпаздар 2019 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін қорытынды шығармашылық фестивальде марапатталады.

Жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстар:

Объективтілігіне;

Креативтілігіне;

Мазмұнына;

Көркемдігіне;

Сапасына;

Өзектілігіне және т.б. қарай бағаланады.

Жүлде қоры

«Үздік мақала»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік поэзия»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік бейнелеу өнері»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік өнертабыс»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік бейнеролик»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

«Үздік дәстүрлі музыка орындаушысы»

1-орын – 130 мың теңге

2-орын – 90 мың теңге

3-орын – 60 мың теңге

Ұйымдастырушылар:

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры.

Толық ақпаратты 8 747 271 08 95 нөмірі арқылы біле аласыздар.

(Сұрақтарыңызға дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-18.00 арасында ғана жауап бере алады).

Пікірлер