Черчесовтің неге керек екенін президенттің экс-кеңесшісі түсінбей дал

3382
Adyrna.kz Telegram
Фото: © Reuters
Фото: © Reuters

Президенттің бұрынғы кеңесшісі Олжас Құдайбергенов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі

«Қазақстанның футзал мен футболдан екі құрамасы бар. Алғашқысын Бразилиядан келген Рикардо Кака басқарады. Ол құраманы әлемдік рейтингте 4 орынға дейін көтерді. Бұл — 33 жылдағы ең жақсы жетістік.  Ешқандай жанжал, ақымақ әзіл мен тәкаппарлық жоқ, есесіне керемет нәтиже бар. Күні кеше Кака келісімшартын тағы 2 жылға ұзартты. Әбден лайық! Ал Черчесовті қарайық. Өз елінде сыйыса алмап еді, бізге келіп те жаман мінезін көрсетіп жатыр. Тәкаппарлана айтқан мәлімдемелерін әзілге балап отыр. Ешқандай нәтиже көрсетпеді.  Оның жаттықтыруымен ұлттық құрама бірде-бір гол соққан жоқ. Черчесовті неге ұстап отыр, түсініксіз»,—деді Құдайбергенов Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған тілшіге кекесін жауап қатқан болатын. Министрлік қоғам наразылығын назарға ала отырып, Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті. Көп ұзамай Черчесовке 200 АЕК көлемінде (738 400 теңге) айыппұл салынғаны белгілі болды.

Пікірлер