Астана циркінде қойылым кезінде гимнаст қыз биіктен құлап кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ақпаратты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
"Қыз циркте бес метр биіктіктен құлап жарақат алған. Оқиға орнынан оны жедел медициналық жәрдем бригадасы алып кетті. Оған бас жарақаты және мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты", - деп хабарлады басқарма.
Басқарма сонымен қатар зардап шеккен адамның қазір көп жарақат (политравма) бөлімінде екенін түсіндірді. Политравма - бұл бірнеше жарақаттардың жиынтығы, олардың әрқайсысы арнайы емдеуді қажет етеді
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз