Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімнің анасы көлік қозғалысын шектемек болған

1018
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Атырауда тамыз айында Жайық өзеніне батып кеткен жасөспірімдердің бірінің анасы қалада көлік қозғалысын шектеуге тырысты. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі төмендегідей түсінік береді.

«Бүгін, 11 қазан күні сағат 9:00 шамасында қала тұрғыны облыстық прокуратура тұсындағы жол қиылысында көлік қозғалысын шектемек болды. Әйел адам құқық бұзушылықтың алдын алуға барған тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай кедергі келтірді. Аталған азаматша – тамыз айында Жайық өзеніне достарымен барып, батып кеткен жасөспірімнің анасы. Полиция бұл дерек бойынша тамыз айынан бері қылмыстық істі тергеуді жүргізіп жатыр. Тергеудің кешенді іс-әрекеттері жан-жақты жүргізіліп, жәбірленушіге түсіндірілді. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының тікелей бақылауына алынды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Пікірлер