Өлім жазасын жарты ғасыр күткен жапониялық қария ақталды

780
Adyrna.kz Telegram
Фото: Reuters
Фото: Reuters

Жапония соты төрт адамды өлтірді деген айыппен өлім жазасына келген 88 жастағы Ивао Хакаматаны ақтады. Оның қорғаушылары ондаған жылдар бойы апелляциялық шағым түсіріп келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазАқпарат-қа сілтеп. 

Хакамата 2014 жылға дейін өлім жазасына кесілгендер камерасында жатқан, содан кейін ол босатылып, қайта сот процесі басталған. Сот оның кінәсін растайтын дәлелдемелердің бұрмаланғанын анықтады.

Ивао Хакамата – бұрынғы кәсіпқой боксшы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін ол мисо (дәстүрлі жапон дәмдеуіштері) фабрикасына жұмысқа орналасқан. 1966 жылы 30 маусымда оның бастығының үйінде өрт шыққан. Хакамата өртті сөндіруге көмектескен.

Оның айтуынша, сол кезде ол бастығының, әйелінің және екі баласының пышақталған мәйіттерін тапқан. Сондай-ақ, біреу үйден шамамен 200 000 иен ұрлап кеткен.

Ер адам қамауға алынып, оған кісі өлтірді деген айып тағылды. 20 күндік жауап беру кезінде ол өз кінәсін мойындаған, бірақ сот мұның азаптаудан болғанын айтты. Ұсталғаннан кейін бір жылдан кейін фабрикадағы мыс сақтайтын ыдыстардың бірінен қанға боялған киімдер табылған. Іздер құрбандардың қан тобына сәйкес келген.

Сот ер адамды өлім жазасына кесті, оны Жапонияның Жоғарғы соты 1980 жылы бекітті. Осыдан кейін Хакаматаның қорғаушылары 2014 жылға дейін аппеляциялық шағым түсірді. 2011 жылы Ивао Хакамата өлім жазасын ең ұзақ күткен адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

2014 жылдың наурыз айында сот істі қайта қарай бастағаннан кейін Ивао Хакамата босатылды. Кейінгі сараптама табылған қанға малынған киімдерде Хакаматаның ДНҚ-сы жоқ екені анықталды.

2024 жылдың мамырындағы соңғы сот отырысында прокурорлар өлім жазасын талап етуді жалғастырған. Дегенмен, сот Хакаматаның кісі өлтіргенін мойындауы сияқты айыптау айғақтарының бұрмаланғанын анықтады.

Пікірлер