Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом Дональд Трамптың Ұлттық гвардияны штатқа жіберу туралы шешімін "қасақана арандатушылық" деп атады. Оның айтуынша, жергілікті құқық қорғау органдары жағдайды бақылауда ұстап отыр, ал федералды билік тек "қойылым ұйымдастырып отыр". Бұл туралы CNN телеарнасына сілтеме жасап Report жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақ үй болса, әскер енгізуді "құқық бұзушылықты тоқтатып, заңсыз қылмыскерлердің басып кіруін болдырмау" қажеттігімен түсіндіреді. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Калифорниядағы демократтарды "азаматтарды қорғау міндеттерін мүлдем елемей отыр" деп айыптады. Алайда Лос-Анджелес полициясының мәліметінше, сенбі күні өткен наразылық акциялары бейбіт
Парамаунт қаласының шетінде демонстранттарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ бен жарық-дыбыс гранаталары қолданылды. Төрт адам ұсталды. Наразылықтар көші-қон қызметі жүргізген рейдтер барысында 44 мигранттың ұсталуынан кейін басталған.
Құқық қорғау органдарының ресми өкілдері Ұлттық гвардияны орналастыруды шамадан тыс шара деп бағалап, оның кері әсері болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бұл — 1992 жылдан бері Лос-Анджелеске штат билігінің сұранысынсыз әскер мәжбүрлеп жіберілген алғашқы жағдай.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп наразылық акциялары кезінде бетперде тағуға тыйым салған болатын.