Астанада Қарттар күніне орай 107 мыңнан астам зейнеткерге ақшалай төлем уәде етілді

148
Adyrna.kz Telegram

Астанада 1 қазан - Қарттар күнінде 107 мыңнан астам зейнеткерлер 9230 теңге көлемінде ақшалай төлем алады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Қарттар күніне (1 қазан) елорданың 107 мыңнан астам қарт азаматын 2,5 АЕК көлемінде, жалпы сомасы 989,2 млн теңгені құрайтын біржолғы ақшалай төлеммен қамту жоспарлануда», - деді Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Төлемдер екі кезеңде жүзеге асырылады: төлемдердің бір бөлігі қыркүйек айының соңында, ал қалған бөлігі қазан айының бірінші онкүндігінде төленеді. Бұл төлемдерді әскери қызметшілер, мүгедектер және көп балалы отбасылар сияқты әлеуметтік қолдаудың басқа түрлерін алмайтын зейнеткерлер алатын болады.

Сонымен қатар, қарт адамдарға қосымша жеңілдіктер қарастырылған. 3,9 мыңға жуық адам жылына бір рет санитарлық-курорттық емдеуден өтті. 2 мыңға жуық зейнеткер екі жыл сайын қолжетімді тіс протездеу қызметін пайдалана алды. 82 зейнеткердің отбасына қатты отын түрін сатып алуға 59 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. 71 зейнеткерге газ қазандығын орнату үшін 479 мың теңгеге дейін өтемақы берілді.

2023 жылы Астана қаласының зейнеткерлері Қарттар күніне 8624 теңге көлемінде төлем алған болатын.

Пікірлер