Мемлекет басшысы Руанда президентінің арнайы өкілін қабылдады

722
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорданың баспасөз қызметі
фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Нюрубутаманы қабылдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы өкілге ілтипат білдіре отырып, Руанда Президенті Поль Кагамеге сәлемін жолдады. Мемлекет басшысы Руанда тарапының Қазақстанмен көпжоспарлы серіктестікті нығайтуға ықылас танытып отырғанына ризашылық білдірді», - делінген бейсенбі күні таратқан хабарламада.

Президент Африка елдерімен ықпалдастықтың қарқынында оң динамика бар екенін атап өтіп, Руандамен арадағы екіжақты және көпжақты қарым-қатынастың көкжиегін одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударды.

Осы орайда Мемлекет басшысы жуырда қол қойылған Қазақстан мен Руанда арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімді жоғары бағалады.

Жан Поль Ньирубутама қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, бүгінде Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары да талқыланды», - деп қосты Ақорда.

Пікірлер