Ford компаниясы қытайлық электромобильдердің артықшылығын мойындады

958
Adyrna.kz Telegram

“Ford” басшылығы Қытай автозауыттарына сапарынан кейін елдің электромобильдерді АҚШ автоөндірісі үшін «экзистенциалды қауіп» деп сипаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.

Ford-тың қаржы директоры Джон Лоулер де компания басшысы Фарлидің пікірін қолдап, Қытайдағы электромобильдердің даму деңгейіне таңданғанын жасырмады.

«Бұл өндірістің теңдесі жоқ. Джим, олар бізден озып кетті», — делінген ақпаратта.

Ford басшылары қытайлық өндірушілердің технологиялық жетістіктерін және олардың әлемдік автоөнеркәсіпке тигізіп жатқан әсерін атап өтті. Олар Қытай автокөліктерінің қазіргі уақытта еуропалық және америкалық өндірушілерден озып кеткенін мойындады.

Ford компаниясы 2027 жылға дейін арзан электромобильді нарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

2023 жылдың 27 қыркүйегінен бастап АҚШ Қытайдан келетін электромобильдерге 100% кедендік баж салығын енгізді. Сондай-ақ, Ford компаниясы іштен жану қозғалтқыштарынан толықтай бас тарту жоспарларын уақытша тоқтатып, Еуропа мен АҚШ-та электромобильдерге толық көшуді кейінге қалдырды.

2023 жылдың тамыз айында баспасөзде Ford компаниясының үш қатарлы орындықтары бар электрлік кроссовер мен жаңа электрлік пикапты әзірлеу жобасын тоқтатқандығы туралы хабарланды.

Пікірлер