Халықтық штаб: АЭС-ке қажетті мамандар даярлау бағдарламасы әзірленбек

729
Adyrna.kz Telegram

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері атом энергетикасының перспективасы мен мемлекет үшін пайдасын тұрғындармен бірге талқылау үшін Жамбыл облысына келді.

Таразда Халықтық штаб мүшелері өңірдегіпедагогтар қауымымен кездесті. Іс-шараға 350-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері Мемлекет басшысы мұғалімдер мен білім беру саласына айрықша көңіл бөлетінін атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, мұғалімдердің жалақысы мен әлеуметтік қамсыздандырылуы едәуір өсті, білім беру саласындағы инфрақұрылым мәселелері жүйелі түрде шешілуде, ел аумағында «Жайлы мектептер» салынуда. Сондықтан ұстаздарқауымының біздің қоғам үшін өте өзекті АЭСтақырыбы туралы толық ақпарат алып, бейбіт атомның барлық артықшылығын түсінуі, толғандырған сұрақ-сауалдарға жауап алуы – аса маңызды.

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов атап өткендей, атом электр станциясы – елімізге энергетикалық тұрғыдатәуелсіздік алуға мүмкіндік беретін болашақтыңжобасы. Сондықтан, болашағы жарқын, бақуатты елге айналғымыз келсе, баламасы жоқ АЭС салу мүмкіндігін өткізіп алмауымыз керек.

«Референдумға дейін бір айға жетер-жетпес уақыт  қалды. Осы жерде облыстың үздік ұстаздары бас қосып отыр. Сіздердің беделдеріңіз биік, сөздеріңіз өтімді. Президент реформалары мен бастамаларын үнемі қолдап келесіздер. Ел болашағына қатысты тағдыр шешті сәтте әрдайым алдыңғы шептен табыласыздар. Осы жолы да дұрыс таңдау жасау үшін тізе қоса жұмыс  істейміз деп сенемін. Баршаңызды мемлекеттің болашағы үшін, балаларымыздың келешегі үшін АЭС салу жөніндегі бастаманы бірауыздан қолдауға шақырамын!», – деді ол педагогтерге қарата айтқан сөзінде.

Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Төрағасы жуырда Үкімет атом энергетикасы саласында кадр даярлау жөнінде салалық бағдарлама қабылдайтынын айтты. Атап айтқанда, алдағы үш жылда «Болашақ» бағдарламасы бойынша үздік әлемдік жоғары оқу орындарына дәл осы салаға қатысты гранттар беріледі, уран өнеркәсібі мамандары үшін тағылымдама және қайта даярлау бағдарламалары енгізіледі. Бұл қадам құрылысжұмысы аяқталған кезде 3 мыңнан астам жоғары білікті маман даярлауға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдер оқушылардың нақты ғылымдарды игеруге деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын таңдауға атсалысуы маңызды.

Бұдан соң жиналған көпшілік алдында Штаб мүшелері сөз сөйледі. Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев әлемдегі атом энергетикасын дамыту трендтері, ядролық тақырыпқа қатысты қазақстандық ғылыми әзірлемелер туралы айтып, еліміз АЭС салуға дайын екенін атап өтті. Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров ел экономикасын одан әрі дамыту үшін энергетикалық проблемаларды барынша тез шешудің маңызына егжей-тегжейлі тоқталды. Ал Ядролық физика институтының директоры Саябек Сахиев қазіргі заманғы үшінші буын ядролық реакторлардың қауіпсіздігі, сенімділігі, экологиялық тазалығы және тиімділігі туралы хабардар етті.

Халықтық штаб мүшелері жергілікті теміржол қызметкерлерімен де кездесті. Олар Мемлекет басшысы өз Жолдауында көлік-логистика саласын дамытуға ерекше назар аударғанын еске салды. Мәселен, теміржол саласына кешенді реформалар қажет, жаңа темір жолдар салу, жаңа пойыздар, вагондар сатып алу, цифрландыруды енгізу және басқа да мәселелерді шешу керек.

Мәселен, теміржол желісін электрэнергиясымен қамтудың төмен деңгейі бүгіндеөткізу қабілеті шектеулінің бірден-бір себебі болыпотыр. Бұл жолаушылар мен жүктерді жеткізу жылдамдығына да кері әсер етеді. Шу-Алматы учаскесінде электр энергия жиі үзіледі. Транзиттік әлеуеті жоғары мемлекетіміз үшін бұл қомақтыпайдадан қағылу деген сөз. Бұған жол беруге болмайды. Жедел шешімін табу қажет. АЭСқұрылысы осы мәселелердің шешімін тауып,отандық темір жолдың қолжетімді тарифтер бойынша сенімді электр энергиясына деген қажеттілігін жабады.

Штаб мүшелері өңір күн және жел электр станциялары бойынша елде жетекші орынға ие екеніне қарамастан, олар тұрақты қуат бере алмайтынын атап өтті. АЭС қауіпсіздігі туралы айта отырып, Парламент ядролық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласына қатысты жеке заң қабылдайтыны ерекше атап өтілді. Бұл құжат АЭС-ты жобалау, салу және пайдаланудың қатаң қауіпсіздік стандарттарын қамтиды.

Осы күні АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Меркі ауылының тұрғындарымен – қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» жобаларының қатысушыларымен кездесті. Іс-шара «Агросауат» оқу орталығы алаңында өтті. Бұл орталықта егіншілік, құс және мал шаруашылығы негіздері ақысыз оқытылады.


Осылайша,
аталған бағдарламаларға қатысушы ауыл тұрғындары бизнес ашу, жылыжай салу, мал сатып алу және шаруа қожалығын дамыту үшін жеңілдікпен берілетін несие алады. Алайда, сенімді электр энергия болмаса, бұл жобалар жүйелі жүзеге аса алмайды. Осыған байланысты, ауыл тұрғындары АЭС құрылысына қолдау білдіріп, бұл жобаның елдегі агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамытуда стратегиялық маңызы бар деп санайды.

Жалпы, Халықтық штабтың барлық кездесулерінде өңір тұрғындары АЭС салуға жоғары қызығушылық танытып, алдағы референдумға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Пікірлер