Мектеп дәретханасында оқушыны өлтірген үш жасөспірімге үкім шықты

1917
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 14 қаңтарда бұзақылық және алдын ала сөз байласу арқылы топ болып, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адамның өлтірген үш кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты істі қарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Соттың деректеріне сүйенсек, Байзақ ауданы Құмжота ауылының жасөспірімдері мектеп дәретханасында алдын ала сөз байласып, 8-сынып оқушыларынан өздеріне бағынуды талап етіп, қорқытып, ұрып-соққан. Оқиға барысында оқушылардың бірі кеуде тұсынан соққы алып, сол жерде көз жұмған.

Сот екі оқушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы, бір оқушыны 1 жылғы бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Сотталғандардан процессуалдық шығындар, моральдық шығын ретінде 6 млн және 5 млн теңге көлемінде өтемақы және жәбірленушілер қорына төлемдер өндірілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер