ЖАМБЫЛДА ЕГІН ШАРУАШЛЫҒЫ ЕКПІНДІ ДАМУДА

4136
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысының шаруалары облыстық «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның «Егінжай» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы тілшісі.

Жамбыл облысы ауыл шаруашылығына қолайлы облыс болғандықтан өңірде мал және егін шаруашлығы жоғары деңгейде дамыған. Мәселен биыл «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2 шаруашылыққа 10,0 млн теңге көлемінде несие берген. Қазіргі таңда «Егінжай» бағдарламасының арқасында қос шаруа өз өнімін өндіріп, бірнеше азаматты жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында, Жамбыл облыстық «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша, 43 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 363,1 млн. теңгеге өтінім түсіп, таратылды.

Ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Ерлан Құлекеевтің айтуынша, 2019 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарға орналастырылған. Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 352,4 мың гектар, майлы дақылдар 60,9 мың гектар, қант қызылшасы 5,6 мың гектар, картоп 10,1 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 66,3 мың гектар, мал азығы дақылдары 207,3 мың гектар.

– Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 18,6 мың гектарға артты. 19 тамызға дәнді масақты дақылдары 331,3 мың гектардан орылып, барлығы 752,2 мың тонна дән бастырылды, орташа өнімділігі гектардан 22,7 центнерді құрап отыр, егін орағы жалғасуда. Сонымен қатар, 1,6 млн. тоннаға астам пішен, 46,0 мың тонна пішендеме, 3,9 мың тонна сүрлем және 105,9 мың тонна сабан дайындалды, мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда. Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланып, жалпы егістік алқаптың 22,0% қамту жоспарланған. 2019 жылдың 19 тамызына ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 16,6 мың тоннасы алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына ендіруде жұмыстар жалғасуда, – дейді ол.

ҚР Үкіметі тарапынан Жамбыл облысының дихандарына күзгі жинау және егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 16200 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Оның шілде айына 5800 тонна, тамыз айына 3300 тонна, қыркүйек айына 3700 тонна және қазан айына 3400 тонна.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер