Мемлекет басшысы Тоқаев Бразилия президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

520
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда баспасөзінен
фото: Ақорда баспасөзінен

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силваны Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Федеративтік Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Луис Инасиу Лула да Силваға құттықтау жеделхатын жолдады” делінген хабарламада.

Президент ұлт бірлігі мен ынтымағының бірегей нышаны болған бұл мейрамның ел тарихындағы орны ерекше екенін атап өтіп, Бразилия халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.

 

 

Пікірлер