Беларусь ШЫҰ-ға мүше болды

1697
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-04-at-10.58.44.jpeg
Елордада ШЫҰ саммитінде Беларусь Республикасы ұйымға толыққанды мүше болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр.
4 шілде күні Беларусь Республикасы ұйымның толық мүшесі атанды. Мемлекет 2010 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысып келеді. Бастапқыда диалог бойынша әріптес болды, кейін бақылаушы мәртебесін алды. Одан бөлек, іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның мемлекет пен үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысып отыр.
Комментарии