Саясат министр ортақ әліппені саясаттан алшақ көрсетуге тырысты

569
Adyrna.kz Telegram
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы
орталық коммуникациялар қызметі
Фото: Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек түркі елдеріне арналған ортақ әліпбиге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Министр комиссияның 34 әріптен тұратын әліпби үлгісіне қатысты қабылдаған келісімі саяси шешім емес екенін атап өтті.

«Өздеріңізге мәлім, түркі мемлекеттерінің отырыстарында ғылыми қауымдастықтарға, ғалымдарға ортақ әліпби үлгісін қарастыруға қатысты бірнеше тапсырма берілген. Сондықтан бірнеше кездесу болды. Халықаралық Түркі академиясының негізінде бірнеше талқылау қорытындысынан кейін академия басшысы Шаин Мұстафаев мырза осындай құжатқа қол қойған. Тағы да айтамын, бұл Үкімет деңгейіндегі немесе саяси құжат емес. Тек ғылыми қауымдастық тарапынан талқыланып жатқан құжат», - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін түркі тілдеріне ортақ әліпби үлгісі әзірленгенін жазған едік.

Пікірлер