«Келіндер көтерілісі» жылдың ең үздік аймақтық қойылымы атанды

563
Adyrna.kz Telegram
Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы өңірлік театрлар арасында үздіктер қатарынан табылып, «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімінде арнайы сый табысталды.
Қазақстанның мәдениет, өнер және спорт саласындағы «Kazakhstan Ticketon Awards 2024» жетінші және ең әйгілі сыйлығы – Ticketon Awards-қа дауыс беру арқылы анықталып отыр. Жалпы дауыс беру бір айға жалғасқан. Оған кез келген қазақстандық қатысқан. Түрлі номинация бойынша барлығы 154 620 дауыс берілген. Ең қызығы, соңғы күні 5890 дауыс беру тіркелген. Осылайша спорт пен өнер саласындағы ең сүйікті, талантты және елеулі өкілдерін таңдады.
«Келіндер көтерілісі» спектаклі көрнекті өзбек жазушы-драматургі Саид Ахмадтың ең танымал және табысты шығармаларының бірі болып саналады. Пьеса отыз жыл бұрын жазылғанымен, әлі күнге дейін өзектілігі мен мағынасын жоғалтқан емес. Былтыр ғана Түркістанда жаңа форматта тұсауы кесілген қойылымды көрермен асыға күтеді.
Айта кетейік, аталған театр ұжымы үшінші рет үздіктер қатарында. 2022 жылы «Бөрте» спектаклі «Жыл премьрасы» номиницасын алса, былтыр «Махаббат мұнарасы» «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясын иеленген болатын.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер