Еркін елдің еріктілері. Түркістандық жанашыр жастардың жетістіктері қандай?

319
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысындағы еріктілер ай сайын түрлі қайырымдылық істерін атқарып жатыр. Бұл туралы "Талантты жастарды қолдау" бөлімінің басшысы Бердібек Бағлан Бердібекұлы сұхбат берді.

- Түркістан облысындағы еріктілер қандай салаларда жұмыс атқарады?

- Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан құрылған «Jas Qadam» еріктілер ұйымы жұмыс атқарады. Ерікті жастар ұйымның жұмыс атқару бағыттары бойынша іс-шаралар жүргізеді.                     Атап айтар болсақ:

1.  «Birgemiz BILIM» - Жоба аясында волонтерлік негізде халықты цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқыта алатын волонтерлерді дайындау. Сондай-ақ, тұрмыстық жағдайы көмек қажет ететін отбасылардың балаларын тегін оқыту жұмыстарын жүргізу;

2. «Birgemiz SAYLYQ» - Денсаулық сақтау саласында волонтерлерді және оның ішінде стационарлық жағдайда ем ұсынатын медициналық мекемелерге волонтерларды тарту;

3. «Birgemiz SABAQTASTYQ» - Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жастарға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарынан қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға қатысты еріктілердің тәлімгерлік тәжірибесін енгізу бойынша «Birgemiz SABAQTASTYQ» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру;

4. «Birgemiz TAZA ALEM» - Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандар, тазалау, ағаштар отырғызу, қоқыстарды іріктеуге үйрету;

5. «Birgemiz ASYL MURA» - Мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштерімен мемеориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға волонтерлерді тарту;

6. «Birgemiz QAMQOR» - Әлеуметтік қызмет көрсететін, оның ішінде қарттар үйінде әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарға волонтерлерді тарту;

7. «Birgemiz UMIT» - Жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жобаларына еріктілерді тарту бойынша «Birgemiz UMIT» жобасын іске асыру;

8. «КОРПАРАТИВТІК ВОЛОНТЕРЛІК» - Корпаративтік волонтерлік қызметін дамыту. Ұйымдар мен қызметкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке тарту. Волонтерлік сала бойынша жеке компаниялар мен ҮЕҰ арасындағы өзара қарым-қатынасымен жұмыс;

9. «КҮМІС ВОЛОНТЕРЛІК» - Жас ерекшелігіне қарамастан азаматтарды волонтерлік қызметке тарту, еріктілік арқылы аға буынның белсенді ұзақ өмір сүруін дамыту;

- Қанша ерікті тіркелген және олардың негізгі жобалары қандай?

- Облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Талантты және белсенді жастар» базасы құрылған. Жылдың басында құрылған базаға 17 402 ерікті жастар тіркелген.

Облыстық аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарына қарасты волонтерлік ұйымдар және ұлттық волонтерлік желінің фронт-офистері жалпы саны 36 ұйым жұмыс жасауда.

Түркістан облысының жастары елімізде орын алған төтенше жағдайлар кезінде алдыңғы шепте тұрып қызмет ететіндердің бірі. 2023 жылы еріктілеріміздің саны 8 000 жуық болса, 2024 жылы 10 000 жас ерікті болуға ұсыныс білдіріп, еріктілеріміздің саны 18 000 жетті.

Ерікті жастарымыздың негізгі атқаратын жобаларын атап айтсақ:

  1. Экологиялық волонтерлік, студенттерді экологиялық іс-шараларға қатысуға тарту, оларды табиғатты қорғау іс-шараларына тарту;
  2. Оқушыларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеуге, қалдықтарды дұрыс шығаруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
  3. Халықаралық іс-шараларды (форумдар, фестивальдар, спорт күндері) ұйымдастыруға жәрдемдесу;
  4. Туризмді дамыту мақсатында экскурсиялық іс-шараларды (мұражайларға, кітапханаларға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне бару) ұйымдастыруда туристік қызметпен айналысатын тұлғалардың жұмысына жәрдемдесу;
  5. Волонтерлармен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу;
  6. Инклюзивті білім беру;
  7. Репетиторлық (тілдер, компьютерлік сауаттылық);
  8. Девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
  9. Аулалық және спорт клубтарын ұйымдастыру;
  10. Балалармен, қарттармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс:
  11. Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы жұмыс;
  12. Емделушілерге, қарттарға және мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау ұйымдарының, басқа да қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу:
  13. Жастардың бастамашыл жобалары арқылы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қатысу, қоғамдық қорлармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттесу;

- Еріктілердің облыстағы ең ірі жобалары мен жетістіктері қандай?

- 2024 жылы атқарған ерікті жастардың негізгі жобалары деп айтуға келмес бірақ тұрақты түрде атқаратын іс-шаралары бар.

Қазіргі таңда 2025 жылға ірі жобалар әзірлеп жатырмыз. Атап айтсақ: Облыстық «АУЫЛ ФЕСТ» волонтер жастар арасында салт-дәстүрді кеңінен насихаттау бағытындағы сайысын ұйымдастыру, «Asyl MURA» волонтерлік әлеуметтік жобалар байқауы сондай-ақ, 2023-24 жылы Республикалық деңгейде өткізген тұрақты іс-шарамыз «ZHAS CAMP» лагері және т.б

Облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Jas Qadam» еріктілер ұйымы, Ұлттық волонтерлік желінің қолдауымен өткізілген «Қарттарға қуаныш сыйла» әлеуметтік-қайырымдылық акциясы аясында Республикалық «Волонтеры Birgemiz: Qamqor» жобасының жеңімпазы атанды.

- Еріктілерге мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіледі? Жергілікті билік органдары еріктілердің жұмысын қалай ынталандырады?

- Волонтерлар тек апатты оқиға кезінде ғана емес, күнделікті тұрмыста да белсенділік танытып жүр. Еріктілерді ынталандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Жыл сайын жаз айында Ақмола облысы Зеренді ауданында өтетін жазғы лагерге және облысымызда өтетін лагерлерге қатыстыру жұмыстарын жүргіземіз.           Сонымен қатар, Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы алғыс хаттарымен сондай-ақ, ҚР ақпарат және мәдениет министрлігің дипломдарымен марапаттауға ұсынамыз. Жыл соңында арнайы қаржылай жүлдесі бар «Үздік Волонтер» номинациясы бойынша жыл үздігін анықтаймыз.

- Түркістан облысында еріктілерге арнайы оқыту немесе тренингтер ұйымдастырыла ма?

- Әрине. 2024 жылдың 25-27 шілде күндері аралығында, Түркістан облысы, Төлеби ауданы «Көктөбе» демалыс орнында, Республикалық «Zhas Camp. Jastar Academy II» атты лагерде тек Түркістан облысының ғана емес Республиканың ерікті жастарын жинап, әр өңірде жастар саясатын жүзеге асыру және жастардың әлемді құру мен дамыту рөлін, олардың жолында тұрған күнделікті проблемалар туралы пікір алмасу мақсатында тренинг өткізілді. Сонымен қатар, облысымыздың еріктілеріне Кентау қаласы «Хантағы» тау шыңында тимбилдинг ұйымдастырылды. Жалпы ерікті жастармен бас қосу жиі өткізіледі.

- Жыл басынан бері еріктілер тарапынан қандай шаралар жүзеге асырылды?

- 2024 жылы еліміздің солтүстігі және батысында су тасқыны бойынша орын алған төтенше жағдай кезінде, Түркістан облысынан 1000-ға жуық тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліп, ерікті жастарымыз су тасқыны орын алған өңірлерге барып алдын-алу жұмыстарын атқарды.

2024 жылы ел өңірлерінде жастар ресурстық орталықтары мен жастар ұйымдарының бастамашылдығымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында, «Таза өлке» және «Киелі Мекен», «Жасыл Аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 92 мыңға жуық еріктілер қатысты. Сондай-ақ, 92 636 мың түп ағаш көшеттері және 10 мыңға жуық гүл отырғызылып, 1 174 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 245  киелі-мекендерде көше бойларындағы ағаштарды әктеу, сырлау, қоқыс қалдықтары шығарылса, 258 қарт кісілердің үйілеріне тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акциялар аясында форумдар, тимбилдинг сондай-ақ, т.б іс-шаралар ұйымдастырылды.  Таза Қазақстан акциясы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Сонымен қатар, облыстық жастар ресурстық жанынан ашылған «Jas Qadam» еріктілер ұйымының ұйымдастыруымен, қайырымдылық апталығы өткізілді. Апталықта, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің орталығында  «Мейірімділік - асыл қасиет» атты қарттар үйінде мерекелік шара өтті.

Сондай-ақ, Сайрам ауданы «Жанұя типтегі балалар үйі», Төлеби ауданы «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» және Арыс қаласы «Т. Тәжібаев атындағы отбасылық үлгідегі балалар ауылы» балалар үйінде концерттік қойылымдар көрсетіліп демеушілердің қолдауымен сыйлықтар табысталды.

- Жауабыңызға рақмет!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер