Жастар саясаты. Түркістан жастарының жаңалықтары жайлы ЖРО басшысымен сұхбат

692
Adyrna.kz Telegram

Жастардың дамуы ел болашағының дамуына тікелей әсер ететін құбылыс. Түркістан облысында жастар арасында қандай іс-шаралар атқарылуда? Кентау қалалық "Жастар ресурстық орталығы" Кмм-нің басшысы Сұлтан Бақытұлы аймақтағы жастар саясатына қатысты тың жаңалықтармен бөлісті. Толығырақ "Адырна" тілшісінің материалында. 

- Азат мырза, орталықтың жастарға арналған қандай қолдау бағдарламалары бар? (мысалы, білім беру гранттары, кәсіпкерлікті қолдау, жұмысқа орналастыру бағдарламалары)

- Жастарға арналаған мемлекеттік бағдарламалар яғни, «Болашақ», «Серпін-2050», «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жастар практикасы», «Қолжетімді баспана» және т.б. бағдарламалар бойынша ақпараттық түсінідірме жұмыстары жүргізіліп отыр. Нәтижесінде биыл Кентау қаласының  17 жасы «Серпін-2050», 11 жас шет елге оқуға түсті. «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен 1 жас Кентау қаласына қарсты ауылға жұмысқа орналасты. Жаз маусымында қаланың көгалдандыру, аббатандыру жұмысына 60 жас үлесін қосты. «Жастар практикасы» бағдарламасымен 300 жас оқуын тәмамдап, жұмысқа жолданды.

«Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған грант (1млн 470 мың теңге)-172 жасқа кеңес беріліп, 24 жас қаражатын алды. Республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары»  грантына Кентау қаласынан 8 жастың жобалары ұсынылып, нәтижесі күтілуде. «Zhas project»  грантын қазіргі таңда 2 жас ұтып алып, кәсіптерін бастады.

- 9 айда осы бағдарламалар бойынша қандай шаралар атқарылды?

- Жоғарыда атап өткендей, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер беріліп,  жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында Мансап орталығымен бірлесе, босжұмыс орындары жыл басынан бері 6 жәрмеңке ұйымдастырылды.  Нәтижесінде жастар жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыстарға, алғашқы жұмыс орны, тұрақты жұмыс орындарына  жұмысқа орналасты.

Кәсіпкерлікті дамыту шеңберінде қайтарымсыз грант 1 млн 470 мың теңге бойынша 24 жастың құжаттары мақұлданып, өз қаржыларын алып кәсіптерін дөңгелетуде.

- Жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуда? Кәсіпкерлікке қызығушылығы бар жастарға қандай көмек көрсетіледі? (оқыту курстары, гранттар, стартаптар үшін қолдау)

- Жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері тұрақты түрде өткізілуде. Жұмыссыз жастарға бос жұмыс орындары, мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік гранттар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  «AMANAT»  партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен, «Қарызсыз қоғам»  партиялық жобасы аясында Алматы қаласынан келген лектор Жандос Брасилов Кентау қаласы және оған қарасты ауылжастары мен тұрғындарына қаржылық сауаттылыққа, жалпы қарыссыз қоғамға қол жеткізу жолдарын халыққа түсіндіру мақсатында 70 тен астам азаматқа оқу семинарын өткізді.  

- Түркістан облысында еріктілер қозғалысы қаншалықты дамыған және оған жастардың қатысу деңгейі қандай? Еріктілерге қандай қолдау көрсетіледі? Еріктілер 9 айда қандай көмектер көрсетті?

- Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ніңұйымдастыруымен, жыл басынан бері еріктілер қызметін жандандыру мақсатында 99 іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде 5118 жасқамтылды. Атап айтар болсам: Кентау қаласында еліміздің солтсүтік және батыс аймағындағы су тасқыны салдары бойынша гуманитарлық көмек жинау орыны ашылды. Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен қала тұрғындары қажетті заттар-киім-кешек, балаларға арналған жөргектер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер),гигиеналық заттар, азық-түлік,тұрмыстық заттармен көмек қолын сохды. Әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынып, облыстық штабқа жеткізілді.

Қала жастары мен еріктілері 1-қазан «Қарттар күніне» орай «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» атты іс-шарасын қаламыздың ардагер қарттарының үйлеріне барып үй шаруасына қолғабыс етіп, қажет деген істерін орындап, көңілінен шықты. Ерікті жастар «1- қазан Қарттар күнімен» құттықтап, əңгімелесе отырып көмектесуге келгенін айтып өтті. Қарттарымыз ерікті жастарға деген  ақтілегін айтып, жастарға баталарын берді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер