ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАМБЫЛДА 5 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

1623

 

Жамбыл облысында 1 сыныпқа 13 512 бала электронды түрде тіркелді, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова мәлімдеді.
Рахия Сейтбекқызының айтуынша, облыста балабақшаға балаларды кезекке қою мен жолдама алу (edugarden.kz), мектепке 1сыныпқа қабылдау (eduschool.kz) жүйесі жолға қойылған. Бүгінгі күні мектепке 1 сыныпқа 13938 электронды өтініш беріліп, 13512 бала қабылданды. Мектепке дейінгі білім мекемелеріне 10703 балаға электронды жолдама берілді.
Аталмыш жүйе ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ол техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау (zhambyltipo.kz) жүйесі 100% автоматтандырылғанын айтты. Бұдан бөлек басқарма басшысы жаңа оқу жылында бірнеше мектеп жаңадан ашылатынын тілге тиек етті.
– Биылғы жаңа оқу жылында 5 мектеп пайдалануға беріледі. Оның біреуі үшауысымды, біреуі апатты және үшеуі орын тапшылығы бар мектептің мәселесін шешеді.  Қалған 3 апатты мектепке облыстық бюджеттен қаржы бөлінді, құрылысы биыл басталады. Сондай-ақ, 7 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның 6-уы жаңа оқу жылында аяқталады. Әйтсе де, Шу ауданындағы М.Әуезов мектебінің құрылысы қарашаға дейін жалғасады. Оқу процесіне кедергі келтірмеу шаралары қабылдануда. Бірде-бір бала оқудан сырт қалмайды, – деді басқарма басшысы.
Рахия Сейтбекқызының айтуынша, облыста 25528 ұстаз оқушыларға заман талабына сай саналы тәрбие мен сапалы білім беруде.
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшетін 4,9,10 сыныптарға сабақ беретін 5311 жамбылдық педагог жаңа бағдарлама аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Өткен оқу жылында жұмысқа мыңнан аса жас маман қабылданса, бүгінгі күні 360 жас маманды жұмысқа орналастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, басқарма басшысы оқулықтарға бөлінген қаржының жеткілікті екенін мәлімдеді. Яғни, 1 қыркүйекке дейін оқулықтар 100% мектептерге жеткізіледі. Биыл «Жеңіл портфель» жобасы аясында 1 қыркүйектен бастап балалар мен ата-аналар үшін министрлік сайтында оқулықтардың электронды нұсқасы қол жетімді және оны жүктеп алуға болады.
Облыста 442 мектеп жұмыс істейтін болады. Болжам бойынша биыл 1 сыныпқа 28000-нан астам бала келеді деп күтілуде.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket