"Мәдениет майдангері"

2090
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 28 тамыз - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туған күні, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы Түркістан облысы Отырар ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан Мемлекет қайраткері.

20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Өзбекәлі Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды, Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылған.

Жәнібеков “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. “Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты. Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.

“Қазақтың ұлттық қол өнері” “Жаңғырық”, “Уақыт керуені”, “Жолайрықта”, “Қазақ киімі”, “Ежелгі Отырар”, “Тағдыр тағылымы”  еңбектерінің авторы.

Бірнеше рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.

Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан қайраткер 1998 жылы дүниеден өткен.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер