Өтірікші кім – билік пе, халық па?

4874
Adyrna.kz Telegram

Арыс апатының себебі – түсінікті: Бас қолбасшыдан бастап, әскери бөлімдегі сарбаздардың қызмет барысындағы салғырттығы, жауапсыздығы осы жағдайға жеткізгенін білдік. 

Апат салдарын дүниежүзі көзімен көрді – бір қаланың 45 мың тұрғыны бейбіт күнде, шілденің 45 градус аптап ыстығында бала-шағасымен жалаңаяқ босып кетті, бір-ақ күнде, тіпті, бір сағаттың ішінде қала қирап, қаңырап қалды. 

Себеппен алдын-ала күресу, келеңсіздіктерді болдырмау, болуы мүмкін қатердің алдын алу – біз үшін жат құбылыс. Оған біліміміз де, білігіміз де жетпейді.

Ал енді салдармен қалай күресеміз? Өзіміз жіберген кемшіліктер мен қателіктерді мойындап, сол қателіктерімізді түзетуге күшіміз жете ме? Қолымыздан келе ме? Қаншалықты құлықтымыз? 30 жыл жалған есеппен, алдап-сулаумен өмір өтті. Ары қарай да сол бағытта жалғастыра береміз бе, әлде... «ел оянды, біз де оянайық...» деп, билік елге бет бұра ма? 

Ел тізгінін ұстаған шенеуніктерде көз болса, бұ халық өз билігінің өзіне қарай жақындауын әлі де күтіп жүргенін, әлі де жақсылықтан үмітті екенін көрер еді.

 

«Болар іс болды, бояуы сіңді». Хош делік. 

Бүгінгі Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары туралы әкім-қаралар көз тойып, көңіл сүйсінерліктей есептерін аяп жатқан жоқ. Олардың есебі бойынша, Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстары 90%, тіпті, 90,7% бітіпті. Қала әкімінен бастап, Премьер-министрге дейінгі бірнеше лауазымды тұлғалардың есебіне сенсек, Үкімет жетекшісі Асқар Мәмин мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев 1 тамызға дейін Арыстағы қираған үйлер мен ғимараттардың 90% қалпына келтірілді деп есеп берген еді. 

Алайда арыстық тұрғындар «бұл жалған ақпарат, керісінше жұмыстың 90% бітпеген» деп, халық наразылығының күшейгенін айтып отыр. Ендеше халық неге наразы? Неге арыстық тұрғындардың жөндеу жұмыстарына көңілі толмайды? Неге халықтың билікке деген сенімі күн сайын төмендеп отыр? «Арқа егер жайлы болса, арқар ауып несі бар» демекші, неге арыстықтыр сонау Арыстан Алматыға бізді іздеп келеді? Неге жылап-еңіреп, арыз-шағымын арқалап, Астанаға барады? 

Халықтың өтінішімен біз де Арысқа барып, шынайы жағдайды көзімізбен көрдік. Қаланы өздері отырған кресло биігінен немесе тікұшақпен төбесінен көру бір басқа, ішіне кіріп, 45 градус ыстықта үйді-үйді аралап жүріп көзбен көру – бір басқа. 

Тікұшақпен көрген басшылар – біркелкі етіп жабылған үйдің шатырларын көрді. Иә, бұл көріністе қала құрылысы 90 пайыз біткен. Бәрі жақсы, бәрі керемет. Ал сол қып-қызыл шатырмен көмкерілген қаланың ішіне кірсеңіз, қып-қызыл шатырдың қып-қызыл өтірік үшін жасалғанына көзіңіз жетеді. 

Біз бес сектордың (14, 15, 4, 9, 1) жұмысын көзімізбен көрдік, сол бесеудің ішінде 1-ші секторда ғана (жауапты – Атырау облысы мен Жетісай ауданы), расымен, қызу жұмыс жүріп жатыр, 90% жұмыс бітуге таяу. Мұның бір себебі, 1-ші сектор – жарылыс болған жерге ең жақын, әскери арсеналдың тура іргесіндегі участок болғандықтан шығар деп түйдік. Бұл секторға 466 үйдің құрылыс жұмыстары  жүктелген. Соның 56-сы толық сүріліп, қайта салынған. «Жұмыс аяқталуға жақын, шамамен, бір аптадан кейін жаппай қоныстану болады деп отырмыз» деп ағынан жарылды Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков.

 

Біз екі күнде 70-тен астам үйді араладық. 14, 15, 4, 9 секторлардағы көзімізбен көрген негізгі басты мәселелерді тізейік (басты мәселелер деп баса айтқан себебіміз, біз әзірге қора-қопсы, дүние-мүлік, басқа да мәселелерді тізбектемей, тек баспанаға қатысты ең күрделі проблемаларға назар аударғымыз келеді):

  1. Қирап тұрған үйлердің шатыры жабылған. Барлық үйлердің тек шатырын жабу басты мақсат болған. Төбесі (шаңырағы, «потологы») жоқ үйлердің де шатыры жап-жаңа, қызылды-жасылды профнастилмен жабылған. О заман да, бұ заман, төбесі жоқ үйдің шатырын жапқанды қайдан көрдіңіздер? Мен құрылысшы емеспін, бірақ шатырды жабу үшін алдымен үйдің төбесі жабылу керектігін түсінемін.
  2. Апатты жағдайдағы үйлердің сүрілмеуі. Халықтың айтуынша, алғашқы күні комиссия аралап көргенде көптеген үйді «сүріп, қайта саламыз» деп, құжат жүзінде шешім шығармаса да, ауызша уәде берген. Кейіннен комиссия әртүрлі құрамда, 4-5 рет рет үйлерді аралап шыққан. Барлық үйге дерлік «сүрілмейді, жөндеуге жарамды» деп шешім шығарып берген. Мысалы, 14 секторда 527 үй бар. Соның жетеуін ғана сүруге шешім шығарған болса, бүгінде 6 үй сүріліп, қайта салынуда. 1 үйдің әлі іргетасы да құйылмаған. Халықтың айтуынша, 14 секторда ары кетсе, 100-ге жуық үйдің жұмысы аяқталған шығар, 400-ден астам үйдің шатыры ғана ауысқаны болмаса, басқа жұмыстар атқарылмаған.
  3. Қабырғалар жөндеуге келмейді. Көптеген үйлерде шатыр мен қабырғалардың, қабырға мен қабырғалардың арасы қақырап, сөгілген. Жарық көлемі 2-8 см аралығында. Кей үйлердегі жұдырықтай жарықтан күн көрініп тұр. Төбенің белдеу ағаштары (балкасы) сынып, опырылып тұрған төбелерін, шалқайып, толқынданып, ажырап тұрған қабырғаларын темір тормен құрсаулай салған.
  4. Қаладағы барлық үйлердің есік-терезелері, шатыры қирағаны мәлім. Құрылысшылар барлық үйлердің шатырын ауыстырғанымен, есік-терезелер түгел ауыстырылмаған.
  5. Көп үйлердің ішкі, сыртқы сылақтары опырылып түсіп жатыр. Тұрғындарға «құрылысшы жетіспей жатыр, өздерің сылақтарды түсіріп, дайындай беріңдер, еңбекақыларыңды төлейміз» деп уәде беріп, сол уәделерінде тұрмаған. 
  6. Еңбек күшінің (құрылысшылардың), құрылыс материалдарының жетіспеушілігі. Халық жұмыс күшін табуға, жөндеу жұмыстарымен өздері айналысуға, кейбір құрылыс материалдарын өздері сатып алуға мәжбүр.
  7. Сырттай жалған құжат жасау. Кей үйде тіркеуде тұрған адамдардың бірнешеуін, өздерінің ырқынан тыс, айтпай, Арыстағы үйінен тіркеуден шығарып, сырттай басқа аудандарға, бөтен біреулердің үйлеріне тіркеуге қойған. Мұны тұрғындар «100 мың теңге моральдық өтемақыны төлемеу үшін солай қитұрқылық жасаған» деп бағалап отыр.
  8. Келісуге мәжбүрлеу. «Үйім құлап тұр, жөндеуге жарамайды, сүріп, қайта салу керек» дегендерге: «Егер сен жөндеу жұмыстарын жүргізуге келіспесең, онда сенің үйіңді жасаудан мүлде бас тартамыз, ертең сол ремонтқа да зар боп қаласың» деп, қорқытып, мәжбүрлегендіктен, көптеген тұрғындар жөндеу жұмыстарына келіскендіктерін айтты.
  9. Жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы. Құрылысшылардың жетіспеушлігі, құрылыс материалдары мен техниканың жетіспеушілігі, жұмыс істеген тұрғындардың еңбекақысы дұрыс төленбеуі; көпбалалы отбасылар, 1, 2, 3-топтағы мүгедек жандар, ота жасатып ауруханадан енді ғана шыққан науқастар, жас босанып, перзентханадан шыққан аналар мен қырқынан шықпаған сәбилер, туысы жоқ жалғызілікті қарттар т.б. бірінші кезекте ескерілетін әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандар екінші, үшінші планға шегерілген немесе мүлде ескерусіз қалған. 
  10.  Жеңұшынан жалғасу. «Апатты жағдайда болмаса да, кішігірім жарылған үйлерді сүріп, қайта салып жатыр, ал нағыз құлайын деп тұрған үйлерді сүрмей, жөндеуге жарамды деп шешім шығарды. Тілін тапқандар, ебін тапқандар екі асап жатыр...» деген халықтың сөзінен мұнда да жеңұшынан жалғасу орын алған деген қорытынды жасауға болады. 
  11.  Құрылыс қалдықтарын төгу. Құрылыс қалдықтары, қоқыс қала көшелерінің кез-келген қиылысында, жол жағалай үйіліп жатыр.   Тонналап шыққан құрылыс қалдықтарын өзен арналарына, ауыл ортасындағы сайға төгіп, Арыс өзенінің толып, тасығанда ағатын сай-салаларын бітеп жатыр.  

 

 

Арыстық ағайындар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Арысты қалпына келтіру бойынша берген тапсырмаларының орындалмайтынына наразы. Асқар Мәмин Арысқа үш рет келіп, үшеуінде де халықпен кездеспеген. Вице премьер Жеңіс Қасымбек те осы жағдайды қайталаған. «Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыста бір ай тұруға уәде бергенімен, бір аптадан кейін жоқ болды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өз қаласының құрылысшылары жауапты сектордың жұмысын бір рет келіп көрген жоқ» дейді тұрғындар. Халық үкімет адамдарының Президент тапсырмасымен келіп, тек өздеріне бағынышты мұғалімдермен ғана кездесетініне, премьер-министр келгенде полицияның көліктерді тоқтатып, адамдарды жақындатпайтынына, үйлерінен шығуға тыйым салатынына наразы. Арыстағы жағдайды Алматыға барып, журналистерге ашық жеткізгені үшін Ұбайдолла Сүйінбай деген зейнеткерге аудандық полиция бөлімінің басшылығы хабарласып, телефон арқылы сес көрсеткен. Бұдан өзге де толып жатқан кемшіліктерді айтып, Арыс тұрғындары Президенттен айрықша көмек сұрайды, Арыстағы құрылыс жұмыстарын тікелей бақылауына алуын өтінеді.

 

Біз оқырмандарға, әсіресе, үкіметтегі және Арыстағы атқарушы органдардың назарына бірқатар арыстық тұрғындардың тізімін ұсынып отырмыз. Бұл кісілердің үйлерінің бүгінгі жағдайы да, арыз-шағымдары да бірдей, ұқсас: үйлері апатты жағдайда қирап тұрса да сүрілмеген, кейбір үйлер сүріліп, қайта салынбаған, ал құрылыс жұмыстары басталған үйлердің тек шатыры ғана жабылып, басқа күрделі жөндеу жұмыстары басталмаған көп үйлердің қабырғалары жарылған, іргесі сөгіліп, ажыраған, төбесі құлаған,  есік-терезелер орнатылмаған, сылақ жұмыстары жүргізілмеген, жөндеу жұмыстары басталған үйлердің жұмысы сапасыз, сейсмопояс құйылмаған, лай кірпішті торсыммен жауып, қалың шегемен бекіткен, күрделі жөндеу емес, жай ғана сылап-сипап, жеңіл жөндеу жұмыстарын жасап жатыр, т.б. ұқсас көріністер.  

 

1.Шоқанов Мұса, Тура жол көшесі, 46/1 үй. 

  1. Есімов Нұрлан, Тура жол көшесі, 46 үй.
  2. Мадиярова Әлиқыз, Тура жол көшесі, 10 үй.
  3. Жолтаева Азия, Тура жол көшесі, 11 үй.

 

  1. Досмырзаев Жалғасбек,  Тура жол көшесі, 51 үй.

 

  1. Шоқанов Самат,  Өркендеу көшесі, 34 үй.

 

  1. Шоқанов Мұрат,  Өркендеу көшесі, 31-34 үй.

 

  1. Беркімбаев Бауыржан, Өркендеу көшесі, 37 үй.

 

  1. Құрманбаев Мұрат, Өркендеу көшесі, 35 үй.

 

  1. Суаров Базарбай, Өркендеу көшесі, 39 үй.

 

  1. Малдыбаева Жанар, Өркендеу көшесі, 31 үй.

 

  1. Жұпарбеков Қалаубек, Өркендеу көшесі, 22 үй.

 

  1. Жантөре Ерғали, Өркендеу көшесі, 1 үй.

 

  1. Байдуллаев Біржан, Өркендеу көшесі, 36 үй.

 

  1. Байтанов Қанат Болысбекұлы, Өркендеу көшесі, 36 үй. 

 

  1. Байниязова Фарида, Өркендеу көшесі

 

  1. Оңғарбекова Майра, Өркендеу көшесі

 

  1. Байкенжиев Ералы, Ақшуақ көшесі, 82 үй.

 

  1. Тұрсынбаев Ержан, Тұрсынбаев Серғазы, Ақшуақ көшесі, 20 үй.

 

  1. Байзақов Мейрамбек, Ақшуақ көшесі, 24 үй.

 

  1. Кемелбеков Әбдірасыл,  Ақшуақ көшесі, 25 үй.

 

  1. Жұмаділлаев Қадір, Ақшуақ көшесі, 8 үй.

 

  1. Таукенов Жұман, Ақшуақ көшесі, 19 үй.

 

  1. Нұрқожаева Перуза, Ақшуақ көшесі, 15 үй.

 

  1. Рысбеков Ордабек, Асан Қожа көшесі, 14 «А» үй

 

  1. Ақылбаев Дүйсенбай, Асан Қожа көшесі, 2 үй.

 

  1. Сүйінбаев Убайдулла, Асан Қожа көшесі, 9 үй.

 

  1. Әміреев Өмірзақ, Асан Қожа көшесі, 1 үй.

 

  1. Садықбеков Әмірхан, Асан Қожа көшесі, 10 үй.

 

  1. Қуатбеков Әлім Қалдыбайұлы, Алматы көшесі

 

  1. Бектұрсынов Тоқмахамбет, Алматы көшесі, 24 үй.

 

  1. Досмырзаев Бақтияр (1 үй)

 

  1. Еділбекова Райгүл, Кемел көшесі, 1 үй.

 

  1. Орынбасаров Ерзат (18 үй)

 

  1. Құдайхулов Әбдірахман, Қайназаров көшесі, 3 үй.

 

  1. Аппазова Зәуре, А. Құлжабаев көшесі, 27 үй.

 

  1. Аманжолова Ұлболған, А. Құлжабаев көшесі, 27/2 үй.

 

  1. Дүйсенова Әшіркүл, А. Құлжабаев көшесі, 27/4 үй.

 

  1. Шонжанов Сейілхан, Б.Момышұлы көшесі, 28 үй.

 

  1. Малдыбаев Байсан, Б.Момышұлы көшесі, 19 үй.

 

  1. Қалходжаев Төлжан, Б.Момышұлы көшесі

 

  1. Тосыбаев Ғалымжан, Д.Нұрпейісова көшесі, 27 үй.

 

  1. Шонжаева Шарапат, Д.Нұрпейісова көшесі, 25 үй

 

  1. Алдаберген, Ш.Уалиханова көшесі, 28 үй.

 

  1. Қонысбаева Забира,  Ақдала көшесі, 7 үй.

 

  1. Ақтанова Ләззат, Ахымбеков көшесі, 20/3 үй.

 

  1. Наталья Мандышева, Абай көшесі, 7 үй.

 

  1. Оңғарбеков Бақытжан, Абай көшесі, 14 үй.

 

  1. Бақытжанов Айбек, Абай көшесі, 18 үй.

 

  1. Бердібеков Орынбек, Абай көшесі, 17 үй.

 

  1. Аубакиров Нұрғали, Бейбітшілік көшесі, 18 үй.

 

  1. Нұрмаханов Нұржан, Кембаба көшесі, 2 үй.,

 

  1. Тасболатов Асан, Н.Ілиясов көшесі, 84 үй.

 

  1. Абдраева Айгүл, Пакентай Арапов көшесі, 44 үй.

 

  1. Айнаханова Васила, Б.Оқтаев көшесі, 58 үй.

 

  1. Момбекова Пернеш, Борықбаев көшесі, 10/1 үй.

 

  1. Бердібай Фарида Нұрланқызы, ШПЗ көшесі, 27 үй.

 

  1. Шпеков Құралбай, Т.Рысқұлов көшесі, 51 үй.

 

  1. Асылбек Айжан, Р.Қошқарбаев көшесі

 

  1. Қанат Ахметов, Төлепов көшесі, 15 үй. 

 

  1. Утешов Серік, Амангелді көшесі, 10 үй.

 

  1. Дүйсебекова Зухра, Амангелді көшесі, 12 үй.

 

  1. Дулатбекова Айғаным, Амангелді көшесі, 19 үй.

 

  1. Қожамқұлов Дәулет, Амангелді көшесі, 17 үй,

 

  1. Өмірзақова Боранкүл, Амангелді көшесі, 23 үй.

 

  1. Құлманов Біржан, Жаманқара көшесі, 7 үй.

 

  1. Омарғалиева Мейрамкүл, Жаманқара көшесі, 5 үй

 

  1. Утешова Майрам, Майлықожа көшесі, 60 үй

 

  1. Қалкөзов Ғани, Ерубаев көшесі, 24 үй

 

  1. Сапаров Жалғасбек, Б.Момышұлы көшесі, 24 үй

 

  1. Шонжанов Сейілхан, Б.Момышұлы көшесі, 7 үй.

 

  1. Мұхит Онбасаров, Ақынбеков көшесі, 81 үй. 

 

  1. Сейдазимова Ләйла, А.Ақкөзов көшесі, 39

 

  1. Еркінбаева Индира, мектепте тұрып жатыр, баспанасы жоқ, бұрын пәтер жалдап тұрған, 2 баласы бар. Үшіншісіне аяғы ауыр. Ешқандай медициналық көмек алмайды. Мектепке баратын бала-шағасына көмек керек. 

 

  1. Шарапатова Индира, мектепте тұрып жатыр, баспанасы жоқ, бұрын пәтер жалдап тұрған, 3 баласы бар. Мектепке баратын бала-шағасына көмек алмайды.                                                                                                                                                                                                                           

Сәуле Әбілдаханқызы

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер